ІІІ. Ток қуатының тізбектегі ток жұмысымен байланысы. Ток қуатын электр құралының номиналды қуатымен салыстыру тізбектегі аспапқа қаншалықты жүктеме түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Егер ток қуаты номиналды қуаттан аз болса, онда ток жұмысының қарқындылығы төмен немесе мүлдем жоқ болады. Қуаты жоғары құралды әлсіз ток көзіне қосу онда ешқандай әрекет тудырмайды. Аз қуатты ток жұмысына арналған құралдарды күшті өріс тудыратын ток көздеріне қосса, күйіп кетеді.
ІV. Электр энергиясының құны.
Пайдаланылған электр энергиясының мөлшерін әр айдың белгілі бір күнінде электр есептеуіш аспаптан алынатын көрсеткіштердің айырымы арқылы анықтайды. Электр энергиясының құны 1кВт • сағ үшін тағайындалған тарифке байланысты, оны келесі формула бойынша анықтайды: Cm=AT ; мұнда Cm – электр энергиясының құны, А – ток жұмысы, Т – тағайындалған тариф (1кВт • сағ энергия құны). Елдің әр облыстарында тариф әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір елдерде ол тәулік мерзіміне және бір адамның тұтынатын энергиясының мөлшеріне тәуелді.
Білім алушылар топтық жұмысты бағалауда «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы топта талқылап, «Әріптестер» әдісі арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |