Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) Пән тақырыптары



бет2/63
Дата18.02.2023
өлшемі0,83 Mb.
#169259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ

Қысқа мерзімді жоспар
1 сабақ . 1-бөлімі.

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Хуанган А.

Күні:

12.01.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 11 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Өз денсаулығымызды сақтаймыз.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді.
Оқушылардың көбі үшін:
Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
***.Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

1. Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.



Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Сандықша, қағаз қиынды
лары.



Топтастыру




«Құпия сандық» әдісі
Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді.
1-топ: «Информатика»
2-топ: «Компьютер»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»




Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет