199.Сөйлемнің күрделі мүшесі деп неге айтамыз?
-Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі сөйлем мүшісі дейді. М: солтүстіктен жел соға бастады.
200.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деп неге айтамыз?
-Сөйлемде бір сұраққа жауап беретін сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейді. М: дүкенде қаламдар, кітаптар, дәптерлер сатылады.
201.Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер арасына не қойылады?
-Үтір қойылады.
202.Қосымша бірыңғай мүшелерге қалай жалғанады?
-Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне жалғанады. М: дүкенде қаламдар, кітаптар, дәптерлер сатылады.
203.Мәтін деп неге айтамыз?
-Баяндалатын оқиға мен ойдың түйінін мәтін дейді.
204.Мәтін неден құралады?
-Өзара мағыналары байланысты екі не одан да көп сөйлемдерден құралады.
205.Мәтіннің несі болады?
-Мәтіннің тақырыбы, аты болады.
206.Мәтінге ат, тақырып қою деген не?
-Ондағы негізгі ойды қысқаша атау.
207.Мәтіндегі негізгі ой не?
-Автордың айтайын деген басты пікірі.
208.Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-біріне қандай болады?
-Тығыз байланысыты болады.
209.Мәтін қандай жолдан бастап жазылады?
-Азат жолдан бастап жазылады.
210.Мәтіннің неше түрі бар? Жаз.
-3. Олар: әңгімелеу мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні.
211.Әңгімелеу мәтініне анықтама жаз.
-Бір нәрсе жөнінде хабарлауды, баяндауды әңгімелеу мәніні дейді.
212.Әңгімелеу мәніні неше бөліктен тұрады?
-3: басы, негізгі бөлім, қорытынды.
213.Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
-Белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетуді, сипаттауды сипаттау мәтіні дейді.
214.Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
-Пайымдау мәтіні бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.
215.Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстар қалай жазылады?
-Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірі түсіріліп жазылады. М: Мырза+Ахмет=Мырзахмет.
216.Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген дауысты дыбыстар қалай жазылады?
-Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген дауысты дыбыстар сақталып жазылады? М: Сары+Өзек=Сарыөзек.
217.Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы ұяң, үнді дыбыстарына бітіп, кейінгі түбірдің басында к,қ дыбыстары болса, қалай жазылады?
-Кейінгі түбірдің басындағы к, қ дыбыстары ғ, г дыбыстарына өзгеріп жазылады. М: Аман+Келді=Амангелді
218. Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы ұяң, үнді дыбыстарына болып, кейінгі түбірдің басында к,қ дыбыстары болса, қалай жазылады?
-Кейінгі түбірдің басындағы к, қ дыбыстары өз күйінде сақталып қалады.
219.Бір түбірден ьірнеше туынды сөз жасалуы мүмкін бе?
-Иә, бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалады. М: су,сушы,сусын, сулық,суат.
220.Түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і қалай жазылады?
-Түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і жазылмайды. М: ерін-ерні, дауыс-даусы.
221.Туынды сөз деп неге айтамыз?
-Түбір сөге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейді.
222.Туынды түбір қалай жасалады?
-Туынды түбір негізгі сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. М: ас-астық.
223.Түбір сөзге жұрнақ бұрын жалғана ма, әлде жалғау ма?
-Түбір сөзге жұрнақ бұрын жалғанады.
224.Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
-Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаны тәуелдік жалғау дейді.
225.Етістіктің жіктелу деп неге айтамыз?
-Етістіктің жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелу дейді. М: мен оқыдым, жаздым ойнадым.
226.Сөз тіркесі деп неге айтамыз?
-Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейді. М: соңғы жел, ек бала, темір күрек.
227.Алфавиттегі әріптер қалай түзілген?
-Белгілі бір тәртіппен түзілген.
228.Әр сөйлем қалай жазылады?
-Әр сөйлем бас әріппен жазылады?
229.У дыбысы қашан жуан айтылады?
-Сөздің жуан құрамында у дыбысы жуан айтылады. М: бару, оқу, тб.
230.У дыбысы қашан жіңішке айтылады?
-Сөздің жіңішке құрамында у дыбысы жіңішке айтылады. М: келу, кету.
231.У дыбысы қашан дауысты болады?
-У дыбысы сөз басында және сөз арасында дауыссыздан кейін келсе, дауысты болады. М: ту, жу, уыз.
232.И дыбысы қашан жазылады?
-И дыбысы дуыссыз дыбыстан кейін және сөз басында жазылады. М: ит, ки.
233.Й дыбысы қашан жазылады?
-Й дыбысы дауысты дыбыстан кейін жазылады. М.ой, ай, той.
234.Сөз ішінде я әрпінен бұрын ы, і жазыла ма? Олардың орнына қай әріп жазылады?
-Сөз ішінде я әрпінен бұрын ы, і жазылмайды. Олардың орнына и әрпі жазылады. М: мия, тақия, иә, тб
235.И әрпінен соң у, а әрпі жазыла ма?
-И әрпінен соң у, а әрпі жазылмайды.
236. И әрпінен соң у, а әрпінің орнына қай әріп жазылады?
-И әрпінен соң у, а әрпінің орнына ю, я әрпі жазылады. М: жию, сия, тб.
237.Дауыссыз дыбыс деп неге айтамыз?
-Созып айтуға келмейтін, көмейде кедергіге ұшырап барып шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді.
238.Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
-б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у) 25+1
239.Сөз аяғында б әрпі естілмегенімен, оның орнына қай әріп жазылады?
-Сөз аяғында б әрпі естілмегенімен, оның орнына и әріп жазылады. М: кітап, доп, тб.
240.П дыбысына біткен сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы қай әріпке өзгереді?
- П дыбысына біткен сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б әріпке өзгереді.
241.Ғ дыбысы сөз соңында жазыла ма?
-Жоқ, жазылмайды.
242.Қ дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы қай дыбысқа айналады?
- Қ дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, ғ дыбысы қай дыбысқа айналады. М: тарақ-тарағы, аяқ-аяғы, тб.
243.К, г дыбыстары жуан буындарда келе ме, жіңішке буындарда келе ме?
-К, г дыбыстары жіңішке буындарда келеді. М: жүрек-жүрегі, көкек-көкегі, тб.
244.Сөз басында л, р әріптерінің алдында кейде ы, і естілмегенмен олар жазыла ма?
-Сөз басында л, р әріптерінің алдында кейде ы, і естілмегенмен олар жазылмайды. М:лай, рас, тб.
245.Орфография дегеніміз не?
-Орфография дұрыс жазамын дегенді білдіреді
246.Орфоэптя дегенде ненеі түсінесің?
-Орфоэпия дұрыс айтамын дегені, ауызша сөздің ұлттық тіл нормасының жиынтығы.
247.орыс тіліне енген дыбыстарды жаз.
-5. Олар: в, ф, х, ц, ч.
248.Еріндік дауысты жыбыстарды жаз.
-Олар: о, ө, ү, ұ, (у).
249.Еріндік дауыссыз дыбыстарды жаз.
-Олар: п, б, м, (у).
250.Езулік дауысты дыбыстарды жаз.
-Олар: а, ә, е,и,ы, і.
251.Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
-Қазақ тілінде екпін соңғы буынның дауысты дыбысына түседі. М: жол-дас, тб.
252.Тасымалдауға болмайтын сөздерген мысал келтір.
-от, орақ, аю, сүт, қант, сөз, ат, ай, аяқ, май, лай, тау, қою, ел, тб.
253.Тасымалдауға болмайтын бір буында сөздерге мысал келтір.
-от, аю, сүт, сөз, ат, ай, , май, лай, тау, қою, ел, қант, ант, қол, тб.
254.Тасымалдауға болмайтын екі буында сөздерге мысал келтір.
-о-рақ, ө-зен, ұ-я, а-яқ, а-ю, қи-я, ми-я, и-ә, қо-ю, о-ю, то-я, тб.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ана тілі оқулықтары.(1-4 сыныпқа арналған)
2.Қазақ тілі оқулықтары.(1-4 сыныпқа арналған)
3.Сарыарқа самалы газеті
4.Бастауыш сыныпқа арналған ғылыми-әдістемелі жұрналдар.
Достарыңызбен бөлісу: |