Нәтижесінде осы модуль идеялары негізінде орын алған сәтті тұстарым: - Оқуға деген қызығушылықтары арта түсті;
- Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, сыни тұрғыдан ойлана бастады;
- Ортақ идеяларды біріктіру арқылы, пікір алмасты;
- Ойын жинақтап, әрекеттерін жүйелеуге және бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды;
-Шынайы бағалауға үйренеді.
-Оқушы шығармашылығы арта түсті.
І тоқсанды аяқтау деңгейлерінің қорытынды мониторингісіне тоқталсам, үлгерім 100%, сапа көрсеткіші 91 %
Қорытындай келе осы сыныбымдағы былтырғы оқу жылынан бергі нәтижеге бағытталған оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді шығармашылық тұрғыда қолдана білуімнің дәлелдемелері ретінде оқушыларымның аудан,облыс деңгейінде алған жетістіктерін көрсете аламын.
Биылғы оқу жылында «Зерде» ғылыми зерттеу жобасының аудандық кезеңінен «Мысық» тақырыбында Бақтыбаева Ақбаян жүлделі ІІІ орынға ие болды.Өткен оқу жылында облыстық «Балапан» зияткерлік конкурсынан жүлделі ІІ орынды Бауыржанқызы Айша , ІІІ орындарды Әділбек Кәусар, Кусайнова Ажар иеленді.
Облыстық зияткерлік сынып бойынша «Тілашар» конкурсынан Валеология пәні бойынша жүлделі І орынды Болат Әмина, Математика пәнінен ІІІ орынды Темірғалиева Інжу, Тілашар пәнінен ІІ орынды Мұрат Еркенұр иеленіп қайтты. Сонымен облыстық Драматизация конкурсынан «Үздік қойылым» атағын иеленсек, қоян ролін сомдауда «Үздік ролді сомдаушы» атағымен Мұрат Еркенұр иеленіп қайтты.
«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей;
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей
-К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері
-Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013