Зайсан ауданы әкімдігінің «М.Әуезов орта мектебі» кмм «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер»


Неге осы модуль менің қызығушылығымды оятты?



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі130,26 Kb.
#143882
1   2   3   4   5
Байланысты:
манжазба

Неге осы модуль менің қызығушылығымды оятты?
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, яғни «Диалогтік оқытуды» және сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді өз шығармашылығымда күнделікті қалай қолданып жүрмін, шығармашылықпен айналысу, дарынды оқушылар тобымен жұмыста нәтижеге қалай қол жеткіздім, осы тұрғыда өмірмен байланыстыра отырып, өз идеям мен өз іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Балалар белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрену» , себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. (МАН – 12б) Оқушылар қалай оқу керек екендігін түсінеді. Сонымен қатар бұрын алған білімдерін ой елегінен өткізе отырып, сабақта алған білімдерімен салыстыра алады, жүйелейді, қорытынды жасауға дағдыланады.Олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ барысында бір-бірімен ой-пікір бөлісуді, айтқан пікірлерімен санаса білуді, ақылдасуды, санасуды, келісімге келе отырып, түсінбегенін мұғалімнен емес сыныптастарынан, достарынан көмек алуды үйренеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамып, шығармашылыққа, ізденуге бағытталған тапсырмаларды орындауда қолданатын креативті тәсілдерді шеше білуге машықтанады. Сонымен тапсырмалар бойынша постерге құрастырып, қорғай бастағанда топтар жинақылық таныта бастайды. Осы жерде оқушылардың ұтымды жауаптарын бақылай отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың ұтқырлығы мен диалогтік оқытудың өздігінен кіріктіріліп ықпалдасып жатқандығы көрінеді.Оқушылардың сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысуы, маған балалардың білімге, зияткерлік ойлауларға, сабақ үстіндегі танымдық әрекеттерге деген ұмтылыстарының жоғары бола алатындығы көңілімнен шығады.Диалогтік оқытудағы кей әдіс-тәсілдерге тоқталсам,
Ең алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда көбінесе шаттық шеңберінде «Жақсы тілек тілейік» , «Күн сәулесін шашады», «Аяқталмаған сурет», «Мен қандаймын», «Жүректен жүрекке» , «Тілек гүлі» тренингтерін өткізу арқылы оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындап, көтеріңкі көңіл-күй орнатып, топ ережесімен таныстырып, топқа бөліп аламын.(Тілек гүлі атмосферасын аудиторияға орнату)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет