Заманауи мектеп директорының портреттік бет бейнесін қалай сомдауға болады? – Заманауи адам қандай болса, директор да сондай. Заманауи мектеп басшысы – стратег, аналитик, психолог, педагог, салқынқанды оратор, мотиватор. Білім саласындағы менеджерлер үшін IQ мен EQ өте маңызды. Оларда кәсіпкерлік дағдылар да болуы тиіс. Оқушыға қандай қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру керек болса, соның барлығы мектеп директоры үшін де маңызды. Жақсы менеджер атқарған қызметінің мансаптық баспалдақтармен жылдам өсуіне емес, ұйымшыл ұжымның дамуы мен педагогтар арқылы әрбір шәкірттің биік белестерді бағындыруына бағыттайтын ерекшелегімен танылуы тиіс.