Заманауи сабақтың оқушыдан талап ететіні



бет1/8
Дата20.06.2020
өлшемі37,81 Kb.
#74056
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоба


Қазіргі  кезде егемен елімізде білім берудің  жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Соған байланысты Елбасымыздың білім саласына қойған талабы да ерекше. Нәтижесінде білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Біз, ұстаздар, дүниенің кез-келген жерінде білімін жалғастыруға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгеретіндей дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз тиіс. Осы мақсатта оқушыларға білімді жүйелі түрде нақты беру үшін жаңашыл әдіс тәсілдерді қолдана отырып, заманауи сабақ беру жолға қойылды. Танымал ғалым, педагог, философ Джон Дьюидің «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідей оқытатын болсақ онда біз олардың ертеңін ұрлаймыз» деген сөздерінің астарында терең мағына жатыр. Қазіргі заманда «заманауи сабақ» түсінігі пікірталастарда ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Әлеуметтік дамудың жаңа сатысына көшу барысында, сабаққа білім беру бойынша жаңа талаптар ұсынуымыз қажет.



     Заманауи сабақ – оқушылардың қызығушылығын арттырудың жоғарғы шегіне жету мақсатында әр түрлі жаңашыл, инновациялық технологияны қолдану болып табылады. Заманауи сабақтың тиімділігін дәстүрлі сабақпен салыстырғанда ғана түсінуге болады.

Дәстүрлі сабақ – мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ. Ал заманауи сабақты мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады. Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді, әр оқушының интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері анықталады.

Заманауи сабақтың оқушыдан талап ететіні:

– Оқуда жетекшілікті қабылдау;

– Оқуда жетекшілікті іздеу;

– Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу;

– Өздігінен басқара алуын көрсету;

– Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау.

Заман ағымына қарай әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс-тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуге міндетті. Біздің мектеп мұғалімдеріміз де заман ағымына қарай жаңашылдықты жатсынбай, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып келеді. Қазіргі таңда сертификатталған мұғалімдерден құралған  «Жігер» қоғамдастығы өткізетін коучингтер мен интербелсенді алаңдар арқылы мұғалімдер өз тәжірибелерін толықтырып жүр. Өз іс-тәжірибемде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тек заманауи сабақтар өткізіп отырамын. Оқушыларымның сабақ үстінде өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындайтынын байқадым. Дәстүрлі сұрақ-жауапқа қарағанда оқушының назарын жаулап алатын қызықты әдіс-тәсілдерді қолдану білім сапасының артуына да септігін тигізді.

Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат – біреу. Ол – оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.



  • Баяндамада физика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы ой қозғалған. Жаңа технологияларды мұғалім ұтымды пайдалана білсе, заманауи сабақтың тиімділігі арта түсіп, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасатындығы атап көрсетілген.

  • В статье затронуты идеи формирования компетенции и активизация мыслительной деятельности учащихся на уроках физики с применением инновационных технологий. Умелое применение учителем элементов этой технологии дает возможность учащимся сформировать более прочные умение и навыки.

  • In article ideas of formation of competence and activization of cogitative activity of pupils at physics lessons with application of innovative technologies are affected. Skillful application by the teacher of elements of this technology gives the chance learning to create stronger ability and skills.

Соңғы кезде білім беру мен тәрбиелеудің жаңа мақсаттары қалыптасуда. Мектеп еліміздің болашағы жас ұрпақтың интеллектуалдық қабілеттерін тек дамытып қана қоймай,  сонымен қатар еркін, шығармашыл, сыни ойлай алатын, өз ынтасы мен бейімін жете түсініп, оны дамыта алатын, өмірде өз орнын таба білетін қабілеттері дарыған шәкірт тәрбиелеу бағытында жұмыстануы қажет. Терең ғылыми білімімен қатар, алған білімдерін күнделікті өмірде, практикада қолдана білсе, кез-келген адам қазіргі қоғамға тез бейімделе алады.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім- ұстаз, инноватор, иннотехник болуы керек. Мұғалім – иннотехник дәрежесіне көтерулі үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін оны апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді. Талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. [3,35-б]

Физика сабақтарында және күнделікті өмірде оқушылар көптеген құбылыстармен кездеседі, бірақ олардың түсіндірілуі жайында көпшілігі ойлана бермейді. Аристотель «ақыл тек білімге ғана емес, білімді істе қолдану шеберлігіне де байланысты» деп айтқан. Физика курсы абстрактілі ойлаудан нақты ойлауға үйрететін әр түрлі әдістерді қолдану арқылы құрылуы керек. Осыған байланысты физика курсын оқытуда төмендегідей құзыреттіліктер қалыптасады:

1/ жалпы білім деңгейі:

-  өзінің танымдық қызметін өз бетімен ұйымдастыра білуі;

-  зерттеу объектісінің сипаттамаларын анықтап, талдап, түсінік беріп, дәлелдемелер келтіре білуі;

-  өз жұмысының нәтижесін көрсетіп, тарату үшін мультимедиялық ресурстарды және акпараттык технологияларды қолдана білуі;

-  өзінің қоршаған ортадағы орнын түсініп, өзін және өзгелерлерді бағалай білуі.

2/ пәндік- бағыт бойынша:

-  ғылым мен техниканың өзара байланысын түсініп, адамның қоршаған ортамен байланысын, табиғатты қорғаудың әдістері мен мүмкіндіктерін түсінеді.

-  Әр түрлі ақпарат көздерін, соның ішінде компьютерді пайдалана отырып, физикалық білімдерді өз бетімен қабылдау процесіндегі танымдық қызығушылықтарын арттырады;

-  Әр түрлі физикалық құбылыстарды түсіндіруде білімдерін қолданып, қазіргі заманда физиканың рөлін түсінеді;

-  Алған білімдері мен іскерліктерін тұрмыста, күнделікті өмірде, практикада қолдана білуді үйренеді.

Міндеттер:

-  қажетті критерийлерді қанағаттандыратын шешім табуда әр түрлі пәндер бойынша білімдері мен қызығушылықтарын дамыту;

-  теориялық ойлау, эксперимент, бақылаудың алгоритмдерімен танысу негізінде ғылыми танымдық әдістері бойынша білімдерін кеңейту;

-  физикалық құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

Құзыреттілік деген не? Құзыреттілік – жеке тұлғаның бойындағы өзара байланысты қасиеттер (білім, білік, дағды, іскер) жиынтығы.  Негізгі құзыреттіліктер сауатты, түсінікті, жинақы әрекеттер жасап, нақты жағдайлар мен міндеттерді шеше алатын қасиеттер болып табылады[2,58-64б].

Бақылау, эксперимент, сапалық есептерді шығару арқылы физикалық теорияны оқудың нәтижесінде оқушылардың саналы және жауапты білім алуларына себеп болатын бағалау қызметі мен өзіндік бағалау тәжірибелерінің жинақталуына әкеледі.

Физика курсын оқып, оқушылар төмендегідей білім, білік және дағдыларын дамытады:

-  физикалық түсініктердің, шамалардың және заңдылықтардың мағынасын түсінеді;

-  физикалық құбылыстарды бейнелеп, түсіндіреді;

-  физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдарды қолдана алады;

-  өлшеу нәтижелерін таблица, график арқылы көрсетіп, шамалардың тәуелділігін түсіндіре алады;

-  өлшеу мен есептеу нәтижелерін Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіре алады;

-  физикалық құбылыстар туралы білімдерінің практикада қолданылуына мысалдар келтіре алады;

-  физикалық заңдылықтар қолдана отырып, есептер шығара алады;

-  әр түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, өз беттерімен ақпаратты іздеуді үйренеді;

-  алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметте және күнделікті өмірде қолдана алады.

Физика пәнін оқытуда лекция, семинар, топтық жұмыс, фронтальды тәжірибелер мен эксперименттер, сыни тұрғыдан жауап беруді қажет ететін тапсырмалар, конференция сабақ, физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеу, шығармашылық тапсырмалар әдістері қолданылады. Бұндай әдістер оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, өзгелерді тыңдай білуге, өзінің жеткен нәтижесіне қуана білуіне әкеледі.

Міне, осындай нәтижелерге жету үшін әр мұғалім оқушыны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыруы керек. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді. Осындай нәтижеге жету үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, заманауи сабақтарды беруге тырысамын.

Заманауи сабақ дегеніміз – заман талабына сай маңызды, оқушының қызығушылығын ескере отырып құрылған сабақ. Заманауи сабақ болашақтың негізін қалайды, үнемі өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүре алатын, кез келген қиындықты жеңе алатын шәкірт даярлайды. Заманауи сабақ оқушыға белгілі бір білім беріп қана қоймайды, оның танымдық, жасампаздық қабілеттерін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізуі керек.

Заманауи сабақ – ол қандай болуы керек?

Ең алдымен – еркін сабақ. Бұл сабақта оқушылар жаңалықтан қорықпай, өз ойларын еркін айтады, яғни оқушыға да, мұғалімге де сол сабақта ыңғайлы болуы керек.

Менің ойымша заманауи сабақ ең алдымен қызықты және маңызды болуы керек. Мұғалім жаңа технологияларды сабақта жас ерекшеліктеріне сай тиімді қолдана біліп, АКТ меңгеруі қажет. Сабақтың сәтті шығуы көбіне мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім мен оқушы – бір бүтін болуы керек, оқушылар бір-біріне көмектесіп, мұғалім жетелеуші, бақылаушы болуы керек.

Заманауи сабақ оқушылардың өзін өзі қалыптастыруына, шығармашылықпен жұмыстануына мүмкіндік беретін шығармашыл сабақ болуы тиіс. Сабақта оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беруде ма ғынасын түсініп, дәстүрлі емес жағдайларда шешім қабылдай білулері керек.

Заманауи сабақ іскер және жасампаз шәкірт тәрбиелеу керек!

Заманауи сабақтың тиімділік критерийі:

-  Жеке тұлғаны дамыту;

-  Өз қызметін жобалап, оның субъектісі бола білуі;

-  Жаңашылдыққа үйрету;

-  Еркін сабақ;

-  Оқушылардың топпен белгілі бір қорытындыға келуі;

-  Мұғалім оқушыға зерттеуге, ізденуге бағыт береді;

-  Оқушының өз әрекетін түсініп, саралай білуі: яғни нәтижеге қалай қол жеткізді, қандай қиыншылықтар кездесті, ол қиындықтардан қалай шықты және оқушы осы кезде қандай сезімде болды?

Олай болса,  заманауи сабақ – танымдық, іскерлік, жаңашылдық, көзқарас қайшылығы кездесетін, даму сабағы. Білімге, өзін өзі тануға, өзін өзі қалыптастыруға, ынталандыруға, шеберлігін шыңдауға, таңдауға, өзіне деген сенімділігін арттырып, қажеттілігін сезіндіретін сабақ.

Заманауи сабақтың нәтижесі қандай?

-  Білім алу қабілеті мен құзыреттілігі қалыптасады, білімдері мен біліктілігін негізге ала отырып, өмірлік проблемаларын шешуге тәжірибе жинақтайды.

-  Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері дамиды: іздейді, баға береді, қажеттісін таңдайды және өңдейді, таратады.

-  Шығармашылықпен айналысады;

-  Нақты және виртуальды эксперименттер арқылы зерттеушілік қызметі дағдылары қалыптасады.

-  Қазіргі таңда орындаушы емес, құрастырушы адам- идеал болып табылады, яғни оқушылар  материалды өз бетімен оқу және өз ісінің нәтижесін бағалау дағдылары, түрлі сұрақтарды дұрыс шешу қабілеттері дамиды;

-  Үлкен істі бірігіп істеуді, яғни топта жұмыс істеу, өзінің ойын басқалардың ойымен байланыстыру, үйлестіру дағдылары қалыптасады, жұмысты бірігіп талдау, синтездеу және қортындысын жасауды үйренеді

Осындай заманауи сабақтарды ұйымдастыру үшін мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі тиіс. Сондай әдістердің бірі сабақта АКТ-ны тиімді қолдану болып табылады.

Сабақ барысында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей мүмкіндіктер береді:

ü Тақырып түсінікті, көрнекті, қызықты болуы үшін бейне сюжеттерді (анимация, видеосюжет) және дыбыстарды қолдану;

ü Құбылысты жан-жаты түсіндіру үшін әр түрлі суреттерді қолдану;

ü Қалыпты жағдайда көрсетуге болмайтын құбылыстарды модельдеу және зерттеу;

ü Қиын тәжірибелерді иллюстрациялау;

ü Оқушылардың білімі тиімді әрі тез қорытындылау үшін тест жүргізу; /Activote құралы/

ü Оқушылардың өз бетінше ізденуін, шығармашылықпен жұмыстануын ұйымдастыру;

ü  Оқушылардың соңғы үлгідегі құралдармен жұмыс жасауына мүмкіндік беру;

ü Сабақ барысында Activstudio мүмкіндіктерін қолдану.

Ақпараттық технологиялар мұғалімдерге:

ü Үнемі жасағанды, жаңартуға;

ü Компьютерсіз жасау мүмкін емес нәрселерді жасауға;

ü Бұрын жасамағанды жасауға көмектесу керек.

Осындай жұмыстарды жүргізе отырып, физика сабақтарында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі:



  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.[3,49-б].

Білім беру сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын...[1] Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Қазіргі заман мұғалімі  заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың инновациялық технологияларын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.

 

Әдебиеттер тізімі:



[1] Мұсатаева Б.И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін модернизациялауда ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі. http://www.manshuk.kz/index.(09.10.2013ж.)

[2] Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования// Народное образование – 2003. №2. 58-64 беттер

[3] Аймағамбетова К. Инновациялық білім беру//Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Математика және физика. №2,2012

[4]Жексенгалиева Г.Ж. Физика сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі//Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Математика және физика. №2,2007.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет