Зат массасының сақталу заңы деп аталады Салыстырмалы атомдық масса



бет3/21
Дата05.02.2022
өлшемі36,21 Kb.
#130795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
химия шпор

Химиялық теңдеулер — химиялық реакцияларды химиялық формулалар, химиялық таңба, сан мен математикалық белгілер арқылы өрнектеу. Ал реакция теңдеулерінде бастапқы қосылыстардағы әрбір элементтің атом сандары реакция өнімдеріндегі сол атомдардың сандарына тең болады. Сондықтан реакцияның сұлбасындағы қосылыстардың формулаларының алдына коэффициенттер қоямыз.
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.
Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол v ("ню") әрпімен белгіленеді. Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері. Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, әлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массага тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет