1.Заттар алмасуының сатылары. Зат алмасуы 4 сатыдан тұрады.
1 саты – қоректік ас қорыту мүшелерінде ферменттер көмегімен тотығып, ыдырайды*катаболизм*
2 саты – ыдырау нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанға сіңіп, организмдегі жасушаларға таралады.
3 саты – Аралық алмасу сатыларында жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтездейді*анаболизм*
4 саты – Ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни зат алмасуының соңғы өнімдері CO2. H2O. NH3 және т.б заттар организмнен шығады.
2.Көмірсулардың құрылыстары мен қасиеттері. Энергетикалық қызмет. Көмірсулар – тірі клеткалар үшін энергия көзі. Олардың тотығулары кезінде клетканың тіршлігіне аса қажетті химиялық энергия бөліп шығарады.
Құрылыс қызметі. Көмірсу өсімдік клеткаларының қабырғаларын түзіп, құрылысшы қызметін атқарады. Күрделі көмірсулар ақуыздар *гликопротеиндер* және майлармен *гликолипидтер* қосылып және клетка қабықшасының құрамына кіреді.
Қор жинау қызметі. Қордағы қоректік заттар, мысалға гликоген, мен крахмалдар – көмірсулар.
3.Көмірсулараларды қорытылуы. Көмірсуларды қорытуға қатысатын ферметтер. Көмірсулар ауыз қуысында сілекей сөліндегі α-амилаза
ферментінің әсерінен декстриндерге (мальтаза мальтоза; 2
глюкозаға дейін), гликоген глюкоза. Тамақтың түйірі
асқазанға сілекейге шыланған асқазан сөлінен, тағам
құрамындағы α-амилаза көмірсуды қорыта береді. Асқазан сөлі
тамақ түйіріне толық сіңірілген соң, α-амилаза өз әсерін тоқтатады.
Себебі асқазанның РН қышқыл, α-амилазаның әсерін жояды.
Асқазан сөлінде көмірсуларды ыдырататын ферменттер
болмайды, ал тағаммен түскен целлюлоза ас қорыту жолында
сәйкес ферменттер болмағандықтан қорытылмайды, ол ішектің
перистальтикасын күшейтеді. Ішек қуысында сілтілік орта
болғандықтан тамақ түйіріндегі амилазаның активтілігі қайта
оралады, осы кезде ұйқы безінің ішек сөлінің α-амилазасы
түзіледі: крахмал – гликоген – мальтозаға дейін ыдырайды,
мальтоза ішек сөлінің ұйқы безінің мальтазасының әсерінен
глюкозаға, ішек сөліндегі сахараза дисахаридті ыдыратады, яғни
барлық гексоздарға дейін ыдырайды, олардың ең көбі глюкоза.