Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың ұсынысы арқылы.
Байқау шарттары:(Барлық құжаттардың үлгісі қосымша тіркелді.) Байқауға қатысу үшін Өтініш немесе Ұсыныс. (Үлгісі тіркелді). Номинация атауын көрсетуі қажет.
Жетістіктерін растайтын портфолионың электронды нұсқасы. (Слайд түрінде немесе арнайы папкаға жинақтап, архивтелген нұсқасын жібересіз).
Барлық құжаттар 11 наурыз сағат 21.00-ге дейін ҚПРҚ-ның ped-kogam@mail.ru электронды почтасына қабылданады.
Байқауға қатысу - тегін.
Байқау жеңімпаздары: Байқау жеңімпаздарын арнайы жасақталған конкурстық комиссия мүшелері және ҚПРҚ-ның «ардагер ұстаздар кеңесі» анықтайды.
Конкурсқа құжаттар қабылдау 11 наурыз сағат 21.00-де тоқтатылады.
Конкурстық комиссия жұмысы 12 наурыз сағат 9.00-ден бастап, 13 наурыз сағат 18.00-ге дейін 2 секция бойынша жүргізіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша анықталған байқау жеңімпаздарына марапаттарын әзірлеу, ұйымдастыру жұмыстарына қосымша жарна тағайындалуы мүмкін.
Байқау қорытындысы: Іріктеу комиссиясының қорытынды хаттамасы 14 наурыз сағат 10.00-де жарияланады. (Конкурстың қорытынды хаттамасын жариялау уақыты өзгеруі мүмкін).
Награда статусы(заңдылығы): Білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестік туралы» Заңының 5, 12 және 19 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарының кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандырып, үздіктерін анықтап, оларды ынталандыру мақсатында қоғамдық ұйымның Жарғысы бойынша қоғамдық наградалар тағайындалады. Марапат иегерлері ашық конкурстық жүйе бойынша, арнайы жасақталған комиссия шешімімен анықталады және қоғамдық награда статусына ие.