Жұмыссыздық мәселесі Бағдарламаның негізгі мақсаты: еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Бағдарламаның міндеттері: экономикалық өсу негізінде әлеуметтік салада дәйекті реформа жүргізу арқылы халықтың тұрмыс деңгейін тұрақтандыру және арттыру, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал жіктерін әлеуметтік бейімдеу, экономикалық оңалту және әлеуметтік қолдау көрсету шаралары негізінде кедейлікпен нақты күрес жүргізу.
Бағдарламаның жаңалығы: біріншіден, зейнеткерлік жасына толған адамдарға жұмыс істеген-істемегеніне қарамай зейнетақы төлеу. Екіншіден, міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру кіргізілген. Міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін әлеуметтік қауіпті жағдайдағы еңбекке жарамсыз болғанда, асыраушыны жоғалтқанда мемлекеттік әлеуметтік фондтан төлемақылар бөлінеді.
Біріншіден, азық-түлік қаржысын ұлғайтқан кезде, яғни 20-дан 43 түрлеріне дейін, бұл азық-түлікпен қамтудағы әртүрлі рационалды нормадағы тағамдардың ұлғаюы. Осыған байланысты 3772 теңгеден 4020 теңгеге ұлғайды. Өмір сүру минимумының ұлғаюына байланысты 2005 жылы 7000 теңгеге дейін өсіп, ал 2006 жылы 7,5 мыңға ұлғайды.
Елбасының жолдауы бойынша 2006 жылы базалық зейнетақы енгізілді. Бұл зейнетақының құрамы өмір сүру минимумының 20%-ын құрайды және 75%-ға өсуі мүмкін. Өткен 2006 жылы базалық зейнетақы жүйесі бойынша минималды төлем 8046 теңге, орташа 11266 теңге, максималды зейнетақы 13036 теңгеге өседі.
Осы бағдарламада аз қамтылған тұрғын халық санына қосылған әрбір дүниеге келген балаға 18 жасқа дейін жәрдемақы төленіп отырады. Ал 2007 жылдан бастап әрбір қазақстандық отбасындағы бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төлемдері төленіп отырады.
Көп балалалы отбасылар 2006 жылы 2 есе арнайы мемлекеттік жәрдемақы аналарға төленеді. Бұларға 4 баладан немесе одан да көп 16 жасқа толмаған отбасылар жатады.
Қазақстан Республикасында соңғы 10 жыл бойы нарықтық экономикаға ауысуына байланысты әртүрлі келеңсіз жағдайларға байланысты ел үлкен дағдарысқа ұшырады. 1992 жылы басталған инфляция, жұмыс орнындағы қысқарту, азық-түліктің талонмен санап берілуі, халықтың көбінің жұмыссыздық әсерінен базар жағалауы. Осы барлық мәселелер елді кедейшілікке әкеліп соқты. Ол халықтың демографиялық жағдайына да әсер етті. Балалар үйінде жетім балалар саны, қарттар үйінде қараусыз қарттар саны жоғарылады.
Осы ақырғы 2008 жылдарға қарай ел жағдайы түзеле бастады. Әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыстар атқарылуда. Ендігі мақсат экономиканың өсуін қуаттау мақсатында еңбек интенсивтілігін көтеру.
Мемлекетіміздің тəуелсіздік алуы мен қалыптасуы кезеңінде жүргізілген қарқынды нарықтық өзгерістердің арқасында Қазақстан экономикада ірі əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік тудырған айтарлықтай оң нəтижелерге қол жеткізді. Зейнетақылар мен жəрдемақылдардың мөлшерлері үлғайтылып, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсті, бөлінетін қаржылар көбейтілді жəне денсаулық сақтау мен білім салаларында жүйелі өзгерістер жүргізуге бағытталған кешенді шаралар қамтамасыз етілуде, ауылды дамытуға, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев халық тұрмысының сапасы мен əлеуметтік стандарттарын тұрақты түрде арттыруды белгіледі, осы міндетті іске асыру кезінде басым бағыттардың бірі – əлемдегі ең бəсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру. Осыған байланысты, ел Үкіметі үшін осы саладағы жұмыстың негізгі бағыттарына халықтың кедей жəне осал топтарының мүдделерін көздеп атаулы əлеуметтік көмек көрсету механизмдерін дамыту, сондай-ақ əлеуметтік қамсыздандыру мен қызмет көрсетудің нормативтерін əрі қарай жетілдіру əрекеттері жатады
2019т жылғы ресми статистикалық деректерге сүйенсек, Ресми дерек бойынша, осы жылдың шілде айының соңында ҚР жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 172,7 мың адам немесе елдің экономикалық белсенді халық санынан 1,9%-ы ресми түрде тіркелген. Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың сәуір-маусымында жұмыс күші санының 0,3 пайызына (30,4 мың адам) тең болды. Осы жылдың шілдесінде республиканың экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Еңбекке тартылған халықтың арасында 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1 пайызы) жалдамалы еңбек етеді.
Көші-қон мәселесі
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың.
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.