Зәр жыныс жүйесінің және тоқ ішектің аурулары



бет2/7
Дата24.04.2020
өлшемі488,85 Kb.
#64587
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дӘРІС

Нефрит белгілері: шаршаңқылық, бел аумағының аздап ауырсынуы. Жіті нефрит – тек бүйректің емес, бүкіл организмнің тамыр жүйесінің сырқаты. Сондықтан оның тағы бір белгісі – қан қысымының жоғарылауы. Бүйректе қабыну үдерісінің бар екендігін көрсететін тағы бір белгісі – несеп көлемінің күрт азаюы және осының нәттижесінде ісіну. Несепте қан мен ақуыз болуы мүмкін. Егер ем уақытылы жүргізілмесе (ол тек дәрігердің қатаң бақылауымен іске асырылады), жіті нефриттің созылмалы түрге ауысуы мүмкін.

Гломерулонефрит – аутоиммундық сырқат. Оның себептері бактериялардың тіршілік өнімдеріне иммундық реакция, стрептококк, стафилококк жұқпалары болуы мүмкін. Гломерулонефрит гепатит, жіті респираторлық вирустық жұқпалар (ЖРВЖ), ішек құрттары, т.б. аурулардан соң бүйрек шумақшаларын зақымдауы мүмкін. Ауру белгілері – бел аумағының ауырсынуы, беттің ісінуі, организмде сұйықтықтың іркілуі салдарынан салмақ қосу, артериялық қан қысымының көтерілуі. Кез келген дімкәстік белгілері байқалу бойына, тез арада дәрігерге қаралу керек. Өйткені қан, несеп, т.б. талдаулары ғана нақтаманы дұрыс қоюға мүмкіндік береді.   

Нефроз ісінумен, несеппен бірге ақуыздың мол бөлінуімен білінеді. Сұйықтықтың тіндерде іркілуі салдарынан сыртқа шығатын несеп көлемі азаяды. Нефриттен өзгешелігі, нефроз кезінде организмнен қалдықтар сыртқа шығады, қан қысымы жоғарыламайды.





Пиелонефрит кезінде қабыну бүйрек астауын да қамтиды. Ауру қоздырғышы – микробтар және көбіне ішек таяқшасы. Әйелдерде қауіп факторлары жыныс жұқпалары, ал ерлерде қатты суықтау болуы мүмкін. Пиелонефрит жіті және созылмалы, біржақты және екіжақты болады. Жіті пиелонефрит кезінде тоңазу, құсу, жоғары дене температурасы, бел аумағының ауырсынуы байқалады. Несепте ақуыз, лейкоциттер мол болады. Қанда да лейкоциттер көбейеді. Созылмалы түрі бір өршіп, бір басылып отырады. Гипертония мен бастың ауыруы жиі. Егер пиелонефрит біржақты болса және ауырған жақтағы несепағар бітелсе, несеп талдауы қалыпты болуы мүмкін. Өйткені несеп тек сау бүйректен шығады.

Бүйрекке тас байлану организмде заттар алмасуының, әсіресе су-тұз алмасуының, бұзылуынан болады. Бұған бауыр, асқазан-ішек жолы, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз) сырқаттары ықпал етуі мүмкін. Аурудың дамуына сондай-ақ тағам, оның ұзақ уақыт біртекті болуы да әсер етеді. Мәселен, өсімдік тағамдары несептің сілтіленуіне, ал ет қышқылдануына алып келеді. Сонымен қатар күнделікті дәмде дәрумендердің, атап айтқанда А және D дәрумендерінің, жетіспеушілігі де маңызды рөл атқарады. Бүйрекке тас байлану кезінде бел аумағы ауырады, ауырсыну жыныс ағзалары мен шатқа тарайды.



Қуық түбі безінің қабынуы екі түрлі болады: оны жедел характерлі және созылмалы деп бөлеміз.



Жедел харектерлі: тұтқиыл ұстайды, ұстағанда жанға қатты батады, ауру белгісі көп, азабы күшті болады. Бұл ауруға көп жағдайда бактериялардың, айталық, жуан ішек таяқшасының қуық түбі безіне қонуы себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет