Тоқ ішек көлемі және таралуы бойынша рак 4 сатыға бөлінеді:
1-саты. Кілегей қабықпен шектелген және кілегей астындағы қабатта болатын ісіктер, метастаздары жоқ.
2-саты.
А) ішектің жарты шеңберінде орналасқан әрі оның шегінен шықпайтын ісік, метастаздары жоқ. Б) лимфа түйіндерінде метастаздары болатын ісік.
3-саты.
А) Ішектің жарты шеңберінен көбірек орын алатын және іш астарда өсетін ісік,метастаздары жоқ. Б) Лимфа түйіндерде метастаздары бар. Кез-келген шамадағы ісік.
4-саты.
Ішектен өтіп, көрші ағзаларға өсетін және лимфа түйіндерінде метастаздары бар. Метастаздары бар ісік.
Тоқ ішек рагының түрлері: 2 түрге бөлінеді: оң жақ және сол жақ бөлігі рагының белгілері.
Бүйен ішекте, өрме тоқ ішекте және ішектің бауыр бұрышында ісіктер ішектің оң жақ бөлігіндегі ісіктерге , сол жақ бөлігіне көкбауыр бұрышындағы , төмендеген ішектердегі ісіктер жатады. Көлденең және сигма тәріздес тоқ ішектегі ісіктер өз алдына жеке.
Тоқ ішектің оң жағындағы экзофитті рак көп уақытқа дейін ішектің саңылауына қарай өседі де, ішектің түйілуі ерте білінбейді. Ісіктің көлемі үлкен болғанда да ішектің шеңберінің едәуір бөлігі ісіктен бс болғандықтан нәжістің жылжуы бұзылмайды. Рактың бұл түріне байланысты ауру денесінде жалпылама өзгешеліктер (улану белгісі, дене қызуының аздап көтерілуі,әлсіздік,арықтау және анемия белгілері) пайда болады. Қанның азаюына байланысты пайда болағн әлсіздік, бас айналу, бас ауруы болады.
Тоқ ішектің сол жақ бөлігінде рак. Бұл жерде көбіне фиброздық рак болады, ол айнала жайылып өсіп, жіңішке ішектің саңылауын тарылтады. Өйткені онда нәжіс болады, ішекті тарылтатын ауру сезімі болады. Науқас іш жүрмейтініне, қан аралас лента тәрізді нәжіс келетініне шағымданады. Қан аралас сұйық бөлініп шығады. Іштің өтуі байқалады.
Тоқ ішек рагының клиникасының түрлі-түсті болуы ішектің әр бөлігінің функционалдық қызметінің , анатомиялық құрылысының өзгешеліктеріне, іш қуысындағы басқа ағзалармен тығыз байланыстылығына, ісіктің өсу түріне байланысты болады.
Ракалды аурулар.
Тоқ ішек рагі көбінесе полиптерден пайда болады. Полиптер аденоматозды және қабыну әсерінен пайда болған, гиперпластикалық болып бөлінеді. Аденоматозды полиптерге қарағанда гиперпластикалық полиптер жиі кездеседі де және оның қатерлі ісіккке ауысуы болады.Аденоматозды полиптер ракалды ауруға жатады. Бұл полиптер түсі қызғылт , дөңгелек, жұмсақ, беті барқыт түстес, жіңішке немесе жалпақ негізде орналасқан. Жиі тік ішекте азаюға қарай ретімен сигма , бүйен, төмендеген тоқ ішекте кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |