Зәр жыныс жүйесінің және тоқ ішектің аурулары



бет1/7
Дата24.04.2020
өлшемі488,85 Kb.
#64587
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дӘРІС




Тақырыбы: Зәр жыныс жүйесінің және тоқ ішектің аурулары.

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Оған бүйрек, несеп қуық, тоқ ішекті жатқызамыз,



Бүйректер – сыртқа шығару ағзалары. Олардың қызметі организмді заттар алмасу барысында пайда болатын қажетсіз және зиянды өнімдерден босату, сондай-ақ организм сұйықтықтарының – қанның, лимфаның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін демеп отыру.

Бүйректер түрлі ауруларға ұшырауы мүмкін: нефрит, нефроз, бүйрекке тас байлану. Бұл аурулардың пайда болуына жалпы себеп – жіті жұқпалы аурулар, микробтар, дененің шамадан тыс суықтауы, заттар алмасуының бұзылуы.



Нефрит кезінде негізінен бүйрек шумақшалары, ал нефрозда бүйрек арналары зақымдалады. Нефриттің бірнеше түрі бар. Гломерулонефрит – аутоиммундық сырқат. Бұл кезде иммундық жүйе стрептоктар қабығы ақуыздарына ғана емес, бүйрек қылтамырлары ішкі қабығының жасушалары элементтеріне де антиденелер өндіреді. Пиелонефрит – бүйрек пен оның астауының қабынуы. Бүйрекке тас байлану – бүйректе несеп тастары түзілетін ауру. Нефрит жіті және созылмалы болып бөлінеді. Ауру жұқпалы сырқаттан соң дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет