бүкіл денелік белгілер
науқас қызады, кейде қатты қызып, дене температурасы 39~40 градусқа жетеді, ауру адам қалтырайды, тіпті қалшылдайды. Буын-буыны сырқырап, лоқсиды, табеті қашады, дарменсізденеді, сүлкіні түседі. Онан да қатерлісі бактерия немесе бактериядан пайда болған токсин қанға өтіп, қан шіриді, егер дер кезінде өнімді шара қолданбаса науқас жазым болуы да мүмкін.
несеп жолы белгілері
несеп жиілейді, қыстайды, несеп жолы шаншиды, ашиды, кейде несепке қан араласқанын жай көзбен немесе микроскоп арқылы байқауға болады. Қуық түбі безінің ткандары қанталап, ежептәуір ісініп, несеп жолының қуық түбі безінен өтетін бөлігін басып қалатындықтан, қуық мойыны кептеліп, несеп жолы бір сәтке тосылады да, несеп жанға батып, сыздықтап келеді, кейде қуық тұтылады.
шат белгілері
ұма мен анус аралығы шат деп аталады, қуық түбі безі шұғыл қабынғанда шат солқылдап ауырады, шыбық, бел, шап сыздайды. өте-мөте тік ішек пен анус маңы ауық-ауық солқылдап ауырып, жанға батады, тіпті науқас үлкен дәретке отырудан жүрексінеді. Жыныстық қатынас үстінде, шыбық қатайған жане шауһат бөлінген сәттерде науқас ерекше қатты ауырсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |