Бүйрек ауруларындағы ісіктердегі мейірбикенің кірісулері:
Мақсаты:Ісіктерді қайтару, салмағын төмендету.
1. Пациентке және оның туыстарына №7 - емдәм туралы түсіндіру.
2. Тағамдарын тексеріп отыру.
3. Теріні, шырышты қабаттарын күту.
4. Су балансын қадағалап отыру.
5. Дәретін қадағалап отыру.
6. Жылы судно мен қамтамас ету.
7. Төсекті жылыту үшін, жылытқыш беру.
8. Салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отыру.
9. Дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отыру.
Дизуриялық бұзылыстардың пайда болуы.Зәр шығару кезінде ауырсыну, жиі емес немесе керісінше жиі дәретке отыру, зәрдің тұрып қалуы – көбінесе бүйректің қабынуы кезінде (нефрит) және зәр шығару жолы қабынулары (цистит,уретрит, пиелонефрит),бүйректен тас түскенде, зәр түтікшесін жиі қолданғанда дамиды.
Зәрі тұрып қалғанда жедел түрде мейірбикенің кірісулері
Мақсаты:Қуықтанзәрді шығару.
1. Зәрді рефлекс арқылы шақыру, судың бұрандысын ашу.
2. Жылы су немесе жылытқышты беру.
3. Дәрігерді шақырту.
4. Зәрді жинайтын ыдыстарды, катетерларды, антисептикалық ертінділерді дайындау
5. Пациенттің жыныс органдарын жуу.
6. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ резенке катетер салу.
7. Пациенттің жағдайын қадағалап отыру.
8. Қолды жуып құрғату.
Бел маңайының ауырсынуы.
Бүйректердің қабыну процессінің мінездемесі болып табылады.Топаз ауырсынулар бүйрек капсуласының
кеңеюімен және бүйрек қабынуымен, ұстама тәрізді,сұққылап ауру,іштің төменгі жағына немесе белге
берілетін – ісікпен жабылатын,онда тастың болуы зәр шығару кедергілерінде.
Бел маңайының ауырсынуындағы мейірбикенің кірісулері
Мейірбикенің мақсаты:Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу.
1.Дәрігерді шақырту.
2.Ұстама кезінде пациенттке ыңғайлы жағдай жасау.
3.Тыныштық жасау.
4.Жалпы жағдайын қадағалап отыру.
7.Аяғын жылы суға салу немесе жылы ваннаға жатқызу.
8.Дәрілерді дайындау.
9.Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: |