Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


І. Медбикелік диагноз: дизурия (зәр бөлінуінің жиіленуі және ауырсынуы)



бет10/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Зәр шығару

І. Медбикелік диагноз: дизурия (зәр бөлінуінің жиіленуі және ауырсынуы)
ІІ. Мақсат: қысқа мерзімді: бірінші аптаның аяғында пациентзәр шығарған кезде ауырсынудың, зәрдің жиілігінің азайғанын белгілейді. Ұзақ мерзімді: пациент қауіпті факторлар туралы (салқын тию, гигиена сақтау, тамақтану) білімдерін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:

  1. Диеталық тамақтануды қамтамасыз ету( майлы, ащы тағамдарды шектеу, ішетін сұйықтықтың көлемі дәрігердің нұсқауына сәйкес болуы керек).

  2. Дәрігердің тағайындауымен қуық аймағына жылу қолдануды (жылытқыш, жылы төсек) қамтамасыз ету.

  3. Пациенттің гигиена сақтауын қамтамасыз ету (әрбір несеп шығарғаннан кейін жуыну, іш-киімін ауыстыру).

  4. Түнгі кездерде пациентті несеп қабылдағышпен (немесе памперс) қамтамасыз ету.

  5. Несеп қабылдағышты зарарсыздандыруды қамтамасыз ету.

  6. Дәрігердің тағайындауымен дәрі-дәрмектердің қабылдауын қамтамысыз ету.

  7. Пациент және оның туысқандарымен диета сақтау қажеттілігі туралы, жеке бастың гигиенасын сақтау, салқын тиюден аулақ болуын дер кезінде дәрігерге қаралу керектігі туралы кеңес жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет