Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


І. Медбикелік диагноз: зәрді ұстамау



бет9/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Зәр шығару

І. Медбикелік диагноз: зәрді ұстамау
ІІ. Мақсат: қысқа мерзімді мақсат: пациент –аптаның аяғына дейін ем қолданған жағдайда осы қиын жағдайлардың азаюы немесебасылғанын байқайды. Ұзақ мерзімді мақсат: пациентті ауруханадан шығарар кезде қоғамда өмір сүруге дайын болады ( әлеуметтік жайлылық).
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:

  1. Пациентті оқшаулауды қамтамасыз ету ( бөлек бөлме, шымылдық).

  2. Сұйықтықты тәулігіне 1 литрге дейін шектеп, толық құнарлы диетамен қамтамасыз ету.

  3. Пациенттің гигиенаны сақтауын қамтамасыз ету(іш киімді, төсек-орынды ауыстыру, матрасты медициналық клеенкамен қаптау).

  4. Пациенттің шат аралығының гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету: үздіксіз жуып, шат аралыгын күніне 3 рет вазелин майымен майлау.

  5. Тәулігіне палатаны жүйелі түрде 20 минуттан төрт рет желдетуді қамтамасыз ету.

  6. Тәулігіне бөлмені 2рет дезинфекциялық ерітінділермен ылғалды жинау, дезодоранттар қолдану.

  7. Пациентті зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету ( немесе памперс), керегінше пациенттің денесіне алынып-салынатын зәр қабылдағышты таңып, жүйелі түрде оны зарарсыздандыру.

  8. Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету(жүйелі кеңестер, кең таралған әдебиетті таңдап алу, ұзақ уакыт бойы зәр қабылдағыш қолданған пациентпен таныстыру). Туысқандарының қолдауымен қамтамасыз ету.

  9. Пациентке және оның туысқандарына зәр қабылдағышты қолдануды, оны зарарсыздандыруды, күтім ерекшелігін үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет