Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


Никтурия – түнгі диурездің күндізгіден басым болуы. Бүйрек қызметі бұзылуларында, жүрек жеткіліксіздігінде байқалады. 8



бет3/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Зәр шығару
соғыс ұрлаған балалық шақ, соғыс ұрлаған балалық шақ, соғыс ұрлаған балалық шақ, соғыс ұрлаған балалық шақ, соғыс ұрлаған балалық шақ, 11 Ә Рабоч.лист
7. Никтурия – түнгі диурездің күндізгіден басым болуы. Бүйрек қызметі бұзылуларында, жүрек жеткіліксіздігінде байқалады.
8. Несепті ұстай алмау – физикалық күш түскенде, жөтелу, құрсақ ішілік қысым жоғарылағанда еріксіз аз мөлшерде несептің бөлінуі.
Қуықтың қабынуында, простата безі аденомасында кездеседі.
9. Зәрді ұстамау – еріксіз зәрдің бөлінуі, зәр бөлінуді реттеп және бақылау қабілетінің болмауы.
Зәр шығару жүйесі патологиясында ауырсыну бүйрек айналасында (белде) несепағар бойымен, қасаға аймағында, зәр шығару каналында байқалады. Бүйрек шаншуы – жіті, ұстама тәрізді қатты ауырсыну, бел аймағында байқалады және шат аралықта, санның ішкі аймағында беріледі, зәр бөлінудің бұзылуларымен сипатталады. Жедел несепағар өткізгіштігі бұзылуларында байқалады. Поциентте ұстама кезінде жүрек айну, құсу байқалады. Қатты ауырсынудан жағдайын жеңілденетін қалыпты іздейді, бүгілген аяқтарын ішіне қарай жинап ауырған жағына қарай қисаяды.
Бүйрек гипертензиясында диастолалық қан қысымы жоғарылайды. Ол біраз уақытқа дейін пациентте еш қандай шағымдарға алып келмейді. Біраз уақыттан кейін бас ауыру, құлақтардың шуылдауы, кейде мұрыннан қан кету байқалады. Біртіндеп жүрек, бас, ми, көз түбі қантамырларында қайта қалпына келмейтін өзгерістер дамиды.
Ісіктер – ағза ұлпаларында және қуыстарында сұйықтықтың жиналуы. Ісік түрлері:
–пайда болуына қарай: жарақаттан кейінгі, аллергиялық; қан немесе лимфа ағымының бұзылуымен байланысты; горманальды өзгерістер салдарынан дамитын ісіктер;
–орналасу, таралуына қарай: жергілікті–дененің белгілі бір бөлігінде, анасарка –ағзаның жалпы ісінуі.
–анықталуы бойынша: айқын–көзбен немесе пальпаторлы анықталады; жасырын–көзбен көрінбейді; аспаптық әдістер, дене салмағы, тәуліктік диурезге қарай анықталады; асцит–сұйықтықтың құрсақта жиналуы; гидроперикард–сұйықтықтың перикард қуысына жиналуы, гидроторакс–сұйықтықтың қуысына жиналуы.
Бүйрек ауруынан дамитын ісіктердің жүрек ауруындағы ісіктерден айырмашылықтары



Бүйрек салдарынан дамитын ісіктер

Жүрек салдарынан дамитын ісіктер

1

Бірден, кейде бірнеше сағат ішінде пайда болады.

Біртіндеп пайда болады.

2

Тез қайтуы мүмкін

Ұзақ мерзім сақталады

3

Бет аймағынан бастап денеге біртіндеп жайылады

Жүректен алыс аймақтарда (аяқтар) байқалады

4

Жылжымалы болып келеді, жұмсақ

Жылжымалы емес, қатты

5

Таңертең айқын байқалады

Кешке қарай айқын байқалады

6

Ісік аймағында тері бозарған, жылы

Ісік аймағындағы тері пигменттелген, суық

Бүйрек ісіктерінің даму механизмінде бүйректе тұздардың және судың кідіруі, қан плазмасында ақуыз концентрациясының төмендеуі және тамыр қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылауы негізгі рол атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет