Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


Ісіктерді динамикалық бақылау үшін қажет



бет4/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Зәр шығару

Ісіктерді динамикалық бақылау үшін қажет:

  • Пациентті сұрастыру: аяқ киімнің, саусақтарда сақинаның тар болуы, қысуы, қол саусақтарының ұйып қалуы, аяқтарда ауырлық сезімі;

  • Пациентті қарау: беттің ісіңкі келуі, аяқтарында шұлық резинкасының іздері;

  • Танертең балтыр(сирақ) айналымын шеңберін өлшеу – егер аптада балтыр айналымы 10мм-ден артық үйкелсе ісік синдромының күшеюі туралы ақпарат береді;

  • Диурезді бақылау;

  • Пациенттің салмағын жүйелі түрде өлшеу;

  • Пациенттің су балансын есептеу және бағалау;

Адамның су балансы – ағзаға тәулік бойы түскен сұйықтықпен тәуліктегі бөлінген зәр мөлшерінің пайыздық қатынасы. Егер бір тәулікте ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін 100% деп есептесек, бөлінген зәр мөлшері 80%-дан аз болса – теріс су балансы деп аталады, ісіктердің өсуі туралы ақпарат береді. Бөлінген зәр мөлшері 80%-дан көп болса – оң су балансы деп аталады, бұл ісіктердің төмендеуінің белгісі.
Ісіктері бар пациенттерге күтім жасағанда тері күтіміне көңіл бөлуі қажет. Ісік аймағындағы тері жұқарады, сезімталдығы төмендейді,оңай жарақаттанады, терінің қорғаныс қызметі төмендейді,ойылу пайда болу қаупі жоғарылайды. Ісіктер бар аймақтарда терісі құрғақ болып қабыршықтанады, бозарады, жылуға сезімталдығы төмендейді. Сондықтан ісік бар аймақтарда жылу емшараларын (оңқа,қыша) қолданбайды, жылытқышты шамалы жылы етіп береді.
Ісіктері бар пациенттерде ойылу даму қауіпі жоғарылайды, сондықтан ойылудың алдын алу шараларын жүргізу қажет. Терінің қорғаныс қызметі төмендейді, сондықтан инъекциядан соң енгізілетін дәрінің азғана мөлшері сыртқа сығып шығуы мүмкін. Инъекция енуін болдырмау мақсатында инъекция орнын йодпен өңдеп, стерильді салфетка қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет