Төсек жанындағы несепқабылдағыштар
Несепқабылдағыштардың бұл түолері стационар жағдайларында, төсек тартып жатқан пациенттерге қолданылады. Қазіргі уақытта төсек жанындағы несепқабылдағыштардың 2 түрі қолданылады: «люкс-несепқабылдағыш» және стандартты несепқабылдағыш.
Люкс түрі кереуетке бекітілетін арнайы құрылғымен жабдықталған, сонымен қатар Т-тәрізді босату шүмегі қапшықты жылдам босатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қапшықтың сыртындағы белгіленген шкала қапшық ішіндегі зәр мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай несепқабылдағыштар пациент және күтім жасаушы қызметкерлер үшін өте болып келеді. Стандартты несепқабылдағыштардың артықшылығы- олардың арзан болуы, ал негізгі кемшілігі – босату шүмегінің тура болуы, шүмекті ашып қапшықты босату кезінде несептің медбике қолына жанасуы, зарарлану кауіпі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |