Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет12/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Жұмыс барысы: 3 пробирка алып 1-не 10 тамшы дистилденген су, 2-не дистилденген су және 2 тамшы 1%-ті NaCl, 3-не 8 тамшы дистилденген су және 2 тамшы 1%-ті CuSO4 ерітінділері құйылады. Әрбір пробиркаға 5 есе сұйытылған сілекейден 10 тамшы және 0,5%-ті крахмал ерітіндісін құйып араластырып бөлме температурасында қалдырылады. 5 минут өткен соң иодпен боялған суы бар 3 пробиркаға 2-3 тамшыдан әрбір тәжірибедегі пробиркалардан тамызамыз. 1-ші пробиркадағы ерітінді күлгін немесе қызыл, 2-гі қызыл не сары, 3-гі көк түске боялады. Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсіреді.
Кесте 3

Үлгі

Фермент

Субстрат

Ферменттің әсер
ету уақыты (мин)

Иод қосқаннан кейінгі ерітіндінің түсі

Н2О

NaCl

CuSO4

1

Амилаза (сілекей)

крахмал

5










2

Амилаза (сілекей)

крахмал

10










3

Амилаза (сілекей)

крахмал

15












Бақылау сұрақтары

  1. Гидролизді катализдейтін ферментті ата?

  2. Белоктардың қорыту процесін катализдейтін ферменттер?

  3. Асқазан сөлі құрамындағы фермент?

  4. Тотығу-тотықсыздану процестерді катализдейтін фермент?

Зертханалық жұмыс №6


Витаминдер.
Витаминдер кіші молекулалы органикалық қосылыстар. Олар жануарларда, өсімдіктерде және микроорганизмдерде болатын, күрделі физиологиялық және биохимиялық процестерде актив қатысады.
Витаминдердің негізгі көзі өсімдіктер болғандықтан, адам және жануарлар организміне тағам арқылы өтеді. Егер тағамда витаминдер аз болса, немесе организмге тиісті мөлшерде берілмесе, онда заттардың алмасуы бұзылып авитаминоз, көп мөлшерде қабылдаса гипервитаминоз ауруына шалдықтырады.
Витаминдердің функциялары бір-бірімен байланысып поливитаминоз түзеді.
Витаминдердің классификациясы, олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне негізделген болып ерігіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
а) майда және органикалық ерітіндіде еритін витаминдер (А, Д, К, Е тобы витаминдері және қаныққан майының қышқылдары);
б) суда еритін витаминдер (В группа витаминдері, В1-тиамин, В2-рибофлавин, РР-никотинамид, В6-пиридоксин, Н-биотин, пантотен қышқылы, холин, инозит, фоль қышқылы, В12-цианкобаламин, В-пангомат қышқылы, С витамині (аскорбин қышқылы)).
А тобы витаминдеріне тән сапалық реакция.
Витамин А (ретинол) өсімдік құрамындағы қызғылт-сары пигменттің ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бауырда және жіңішке ішекте, каротиназа ферменттік әсер етіп алынады:



Каратиноидтар А витаминінің провитамині болып есептелінеді. -каротиннің симметриялық молекуласының ыдырауы нәтижесінде 2 молекула А витамині түзіледі.
А витамині жануарлардың бауырында, бүйрегінде, балық майларында, сүтте және жұмыртқада кездеседі. А витамині циклді жоғары молекулалы спирт болып есептелінеді.
Керекті құралдар мен реактивтер: пробиркалар, спирт шамы, су моншасы, термостат (400С), капуста немесе картоп шырыны, хлороформдағы 0,05%-ті А витамині, концентрлі Н2SO4 және HCl, балық майы, анилин, 96%-ті спирттегі 0,1%-ті -токоферол, 0,2%-ті метинонның немесе 0,2%-ті викасолдың спирттегі ерітіндісі, 30%-ті NaOH, 5%-ті тиамин ерітіндісі, изобутил спирті, рибофлавин ерітіндісі, мырыш ұсағы, никотин қышқылы, 10%-ті СН3СООН, 5%-ті Сu(CH3COO)2, 5%-ті пиридоксиннің ерітіндісі, 5 және 1%-ті FeCl3, капуста шырыны, 0,01%-ті метиленді көк ерітіндісі, 5%-ті K3[Fe(CN)6], 1%-ті FeCl3, 5%-ті KOH, 10%-ті HCl.
1-тәжірибе: Ретинолдың күкірт қышқылымен реакциясы.
Жұмыс барысы: Бір тамшы балық майын 4-5 тамшы хлороформда ерітеді және бір тамшы концентрлі күкірт қышқылын қорсады. Сонда қоңыр қызыл түске айналатын көшілдір түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет