Керекті құралдар мен реактивтер: бауыр, центрифуга, су моншасы, центрифугаға арналған пробирка, стакан (тұмсықсыз), 2 және 5 мл градуирленген пипеткалар, КОН (15 және 60%-ті), НСl (2,5%-ті), NaOH (10%-ті), этанол, Феллинг сұйығы, Люголь ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл 60%-ті КОН ерітіндісін құйып, үстіне 1,5-2г тканьді салады. Пробирканы жиі шайқай отыра, қайнаған су моншасына 1 сағат қояды. Уақыт өткен соң пробирканы моншадан алып суытады, суыған соң 8-10 мл этанол қосады. Пробирканы 20-30 минут мұзы бар стаканға салып қояды. Сосын центрифугирлеп 5-10 мин сұйықты бөліп алады. Ал тұнбаны 2 мл 15%-ті КОН ерітіндісінде ерітіп, 8-10 минут этанол қосып суытады. Қайта түзілген тұнбаны (гликогенді) центрифугирлеп бөліп алады. Тұнбаның аз бөлігін судың бірнеше тамшысымен ерітіп Люголь реактивін қосады, қыздырғанда түссізденетін және суытқанда қайта пайда болатын қызыл түс пайда болады.
Гликоген тұнбасының қалған бөлігін гидролиздейді және құрамында глюкоза бар екенін білдіреді. Ол үшін оған 3-4 мл 2,5%-ті НСl қосып 15-20 минут қайнатады. Суытып 10%-ті NaOH ерітіндісімен нейтралдайды, бірдей мөлшерде Феллинг сұйықтығын қосады. Қоспаны қайнағанға дейін қыздырады, мыс (І) оксидінің қызыл тұнбасы түзіледі.
Зертханалық жұмыс №11
Майлардың сапалық реакциялары.
Майлар – глицерин және май қышқылдарының күрделі эфирі болып есептелінеді. Майлардың құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Қаныққан май қышқылдарының құрамында стеарин (С18Н35СООН) және пальмитин (С15-3, СООН) қышқылдары ұшырайды. Қанықпаған май қышқылдарының ең күрделі олеин (С17Н33СООН), линол (С17Н31СООН) және линолен (С19Н29СООН). Қанықпаған май қышқылдарының құрамында қос байланыс болады. Мысалы, олеин қышқылының молекуласында бір, линол қышқылында екеу, линолен қышқылында үш қос байланыс болады. Құрамында қос байланыстың болғаны үшін, қанықпаған май қышқылдарының реакцияға кірісу қабілеті жоғары болады. Қанықпаған май қышқылдары линол, линолен және архидо қышқылдары адам организмінде синтезделмейді, сол үшін олар тамақ арқылы организмге кіруі тиіс. Бұл қышқылдар жетіспегендіктен заттардың алмасуы бұзылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген қосылыстар витаминдерге жатады (витамин f). Линол және линолен қышқылы өсімдік (зығыр, күнбағыс) майларында кездеседі, арахидон қышқылы балық майында, сары майда және кейбір маргариндердің құрамында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |