Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Майлар сілтілермен қосылу нәтижесінде гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын және глицерин түзеді. Май қышқылдарының натрийлік тұздары қатты сабын, калийлі тұздары сұйық сабын болады



бет22/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

4-тәжірибе: Майлардың сабындалу реакциясы.

Майлар сілтілермен қосылу нәтижесінде гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын және глицерин түзеді. Май қышқылдарының натрийлік тұздары қатты сабын, калийлі тұздары сұйық сабын болады.



Жұмыс барысы: Үлкен көлемдегі пробиркаларға 0,5 мл өсімдік майынан немесе 0,5 г жануар майынан салынады және үстіне 10 мл КОН-тың спирттегі ерітіндісі құйылады. Пробирканың аузын ауа суытқыш жалғанған тығынмен бекітіледі және 30 минуттай су моншасында қыздырылады. Содан соң пробиркаға ыстық су салып, түзілген сабын ерітіледі.
5-тәжірибе: Еркін май қышқылдарының бөліну реакциясы
Жұмыс барысы: 5 мл сабын ерітіндісіне 1-2 мл тұз қышқылы салынады. Күшті қышқылдардың сабынменен қосылуы нәтижесінде еркін май қышқылдары бөлініп, сұйықтық бетінде анық көрінеді. Реакция теңдеуі:

С17Н35СООК + HCl → C17H35COOH + KCl




6-тәжірибе: Сүттен майды бөлу.
Жұмыс барысы: Қолданылатын 6 мл сүтке 2 мл 10%-ті натрий карбонаты ерітіндісі қосады. Үстіне 5 мл эфир құйып, жақсылап араластырады. Эфирді фарфор ыдысқа бөліп құйып алып, су моншасында, желдеткіш шкафтың ішінде буландырып кептіреміз. Сонда фарфор ыдыста сүт майының дағы қалады.
Зертханалық жұмыс №12
Майлардың қаныққандығын анықтау.
Майлардың қанықпауы олардың құрамындағы қанықпаған май қышқылдарына байланысты. Қанықпаған қосылыстар әрбір қос байланысы бар жерге екі атом галогенді оңай қосып алады. Қанықпау дәрежесі иодтық сан арқылы анықталады. Иодтық сан 100 г майға қосылытан иодтық грамм санымен өлшенеді. Иодтық сан өте қажетті химиялық көрсеткіш болып табылады, себебі йодтық сан арқылы майлардың қанықпау дәрежесін оның кебу жылдамдығын, басқа түрлі өзгерістерге ұшырау қасиеттерін білуге болады. Неғұрлым бұл сан үлкен болған сайын майдың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары соғұрлым көп болады. Қанықпаған майлардың қос байланыс бар жерден хлор мен бром да қосылып, радикалдағы сутегі атомдарын ығыстырып шығарады. Ал йод болса, белгілі жағдайда тек қос байланыс бар жерге жалғасады:

Керекті құралдар мен реактивтер: микробюретка, пробиркалар, таразы, 250 мл колба, майлар, хлороформ, 0,001 н йодтың хлороформдағы ерітіндісі, спирт, 0,2 н йодтың спирттегі ерітіндісі, 0,1 н гипосульфит ерітіндісі, 0,5%-ті крахмал, дистилденген су.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет