Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Керекті құралдар мен реактивтер



бет21/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Керекті құралдар мен реактивтер: өсімдік майы, хлороформ, эфир, бензол, этил спирті, бензин, дистилденген су, сүт, су моншасы, фарфор тостағанша, 1%-ті Na2CO3, 1%-ті сабын ерітіндісі, 1%-ті NaOH, жұмыртқа белогының концентрлі ерітіндісі, КНSO4 немесе NaHSO4, бор қышқылы (кристалл), КОН-тың спирттегі 1%-ті ерітіндісі, тұз қышқылы (1:1), эфир.
1-тәжірибе: Майлердың ерігіштігі
Жұмыс барысы: Жеті құрғақ пробиркаларға 2 тамшыдан өсімдік майын құяды да, 6 тамшыдан төмендегідей еріткіштерді қосады: біріншісіне-су, екіншісіне және үшіншісіне-спирт, төртінші пробиркаға бензин, бесіншісіне-бензол, алтыншысына-хлороформ, жетіншісін-эфир. Барлық пробиркаларды жақсылап араластырып, үшінші пробиркадағы сұйықтықты ептеп қыздырады. Қандай пробиркаларда майдың еритіндігі бақыланады.
2-тәжірибе: Майдың эмульсиялануы.
Жұмыс барысы: 5 пробиркаға екі тамшыдан өсімдік майын және 10-12 тамшы су құяды. Содан кейін бірінші пробиркаға 3-4 тамшы 1%-тік сілті ерітіндісін, екіншісіне 3-4 тамшы 1%-тік сода ерітіндісін, үшіншісіне 3-4 тамшы 1%-тік сабын ерітіндісін, төртіншісіне 3-4 тамшы жұмыртқа белогының концентрленген ерітіндісін қосады. Барлық пробиркалардағыны жақсылап араластырады. Бірінші төрт пробиркада салыстырмалы тұрақты эмульсияның пайда болғанын бақылап, ал тексеру үшін алынған бесінші пробиркада тұрақсыз эмульсияның майға және суға бөлінгенін байқайды.
3-тәжірибе: Акролеин реакциясы

Акролеинді анықтау мен майлардың құрамында глицерин мөлшерін білуге болады. Майлардың калий биосульфат (КНSO4) натрий бисульфат (NaHSO4) немесе бор қышқылымен (H3BO3) қыздырылғанда глицерин молекуласынан 2 молекула су шығып кетіп, акрил альдегиді немесе акролеин түзіледі. Акролеин қолаңса иісті болады.



Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға бірнеше тамшы өсімдік майынан немесе жануар майының бір бөлігі, оның үстіне КНSO4 немесе NaHSO4-тан, бор қышқылын салынып, қыздырылады. Нәтижесінде акролеиннің қолаңса иісті ақ булары түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет