Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Крахмалды қышқылдармен не ферменттермен гидролиздеу түрлі аралық өнімдер – дестриндерге ыдырайтындығы және оларды иодпен реакцияластыра отырып, анықтауға болады



бет19/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Крахмалды қышқылдармен не ферменттермен гидролиздеу түрлі аралық өнімдер – дестриндерге ыдырайтындығы және оларды иодпен реакцияластыра отырып, анықтауға болады.


Жұмыс барысы: а) 2 пробиркаға 1%-ті крахмал ерітіндісін құйып, біріншіге Феллинг сұйықтығын, екіншіге 1-2 тамшы иод ерітіндісінен қосады. Тәжірибенің қорытындысын жазып алады.
б) Колбаға немесе үлкен пробиркаға 20 мл 1%-ті крахмал ерітіндісін құйып, үстіне 5 мл 10%-ті Н2SO4 қосып су моншасында не спирт шамында қайнатады (уақытты белгілеп отырады). 10 пробирка дайындап, әрқайсысына 1 мл дистилденген су және 1-2 тамшы иод ерітіндісінен тамызады. Ерітіндіні қайнатуды жалғастыра отырып 1 минут сайын одан 10 тамшы алып иод ерітіндісіне тамызады. Ерітіндінің түсінің өзгерісін жазып алады. Крахмал түсінің өзгеруі тоқтағаннан кейін бастапқы ерітіндіні әлі де 5 минут қайнатады.
Таза пробиркаға 2 мл гидролизат (бастапқы ерітінді) ерітіндісін құйып, оны 0,5 мл 2 н. NaOH ерітіндісімен бейтараптап, Феллинг сұйықтығын қосып қыздырады.
4-тәжірибе: Сахарозаның қышқылды гидролизі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 4 мл 1%-ті сахароза ерітіндісін және 1 мл 10%-ті Н2SO4 ерітіндісінен қосып спиртовка жалынында 2 минут қайнатады. Ерітіндіге 1 мл 2 н. NaOH қоса отырып, дәл сондай көлемде Феллинг сұйықтығын қосып спиртовка жалынында қайнатады.
5-тәжірибе: Агар-агар реакция.
Жұмыс барысы: Агар-агар түйірін алып үстіне 4-5 мл су қосып қыздырамыз. Пайда болған ерітіндіні екіге бөлеміз. 1-шіге Феллинг сұйықтығын қосып қыздырамыз, 2-шіге 0,5-1 мл конц. HCl қосып, қыздырамыз. Суытып нейтралдайды. Сосын Феллинг реактивін қоссақ, оң реакция береді.


Зертханалық жұмыс №10
Көмірсулардың бөлінуі.
Гликоген жануар организмінің бауыры мен бұлшық ет ткандерінде көп болады.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: бауыр, центрифуга, тоңазытқыш, пробиркалар, су моншасы, шыны түтікше, 30%-ті KOH, 10%-ті Na2SO4, этил спирті.
1-тәжірибе: Жануар тканінен гликогеннің бөлінуі.
Жұмыс барысы: жаңа сойылған жануар тканінен 300 мг тканін қыздырылған 30%-ті KOH ерітіндісін пробиркаға салады. Пробирканы су моншасында араластыра отырып, 30-60 мин. қыздырады. Гидролиз аяқталғаннан соң пробирканы суытып, оған 0,2 мл 10%-ті Na2SO4 ерітіндісін және 5 мл этил спиртін қосады. Қоспаны жақсылап араластырып суытқышта тір түнге қойып кетеді. Ертеңіне түзілген тұнбаны 40 минут (7000 g) центрифугирлейді. Центрифугатты төгіп тастайды, ал тұнбаны 1-2 мл суда ерітеді. Пайда болған ерітіндіге 2 мл этанол қосып және 30 мин суытқышта қояды. Түзілген тұнбаны центрифугирлеп, суда тұнбаны ерітіп оны спиртпен қайта тұндырады. Гликогенді 3-ші рет тұндырғаннан кейін тұнбаны ерітіндіден бөліп алып, тұнбаны кептіреді, суда ерітеді және химиялық немесе ферментативті әдіс бойынша концентрациясын анықтайды.
2-тәжірибе: Жануар тканіндегі гликогенді анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет