Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет23/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

1-тәжірибе: а) Түрлі майлардың қанықпағандығын салыстыру.
Жұмыс барысы: Түрлі майлардан пробиркаларға 0,5 г өлшеп саламыз. Пробиркадағы майларды 3 мл хлороформмен ерітіп, қызғылт түске дейін 0,001 н йодтың хлороформдағы ерітіндісімен микробюретка арқылы титрлейміз. Әрбір майдың түрін қанықтыруға кеткен йод мөлшерін жазып алып, кестеге толтырамыз.



Қосылған зат

№1 пробирка

№2 пробирка

№3 пробирка

№4 пробирка

Сиыр майы

0,5







Шошқа майы



0,5





Мақта майы





0,5



Маргарин







0,5



0,001 н – титрлеуге кеткен йод мөлшері.
ә) Йодтық санды анықтау.
Жұмыс барысы: Конус тәрізді құрғақ, сыйымдылығы 250 мл жақсы тығындалатын колбаға зерттейтін 0,1 г май, сұйық өсімдік майы болса, оның шамамен 3-4 тамшысы алынады.
Майды аналитикалық таразымен өлшейміз. Колбаға 25 мл майды еріту үшін спирт құямыз, 2-ші бір колбаға тек 25 мл спирт қана құйылады, бақылау ретінде қоямыз. Енді екі колбаға да 0,2 н 12,5 мл иодтың спирттегі ерітіндісін бюретка арқылы құйып, араластырып, үстіне 100 мл дистилденген су қосып шайқап, колбаның аузын тығындап, 5 мин. қойылады. 5 минуттан соң, 0,1 н. Гипосульфит ерітіндісімен әлсіз сары түс пайда болғанша титрлеп, сонан соң 1 мл 0,5% крахмал ерітіндісімен көк түс жоғалғанша титрлейді. Йодтық санды мына формуламен шығарамыз:
Йодтық сан = (a-в)0,0127 – 100/C




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет