Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Е витаминіне (токоферолға) сапалық реакция



бет13/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Е витаминіне (токоферолға) сапалық реакция.
2-тәжірибе: Е витаминінің конц. азот қышқылымен реакциясы.
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 тамшы 0,1%-ті -токоферолдың спирттегі ерітіндісін құямыз, оған 10 тамшы конц. азот қышқылын қосып, пробирканы шайқайды.
Пробирканы 700С қыздырылған су моншасына салады. Бірте-бірте қабаттана бастайтын эмульсия түзіледі: жоғары майлы қабаты қызыл түске боялады. Қызыл түске боялуы -токоферолдың сарғыш-қызыл түсті -токоферилхинонға дейін тотыққанын білдіреді.
3-тәжірибе: Темір (ІІІ) хлоридімен реакциясы.
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 тамшы 0,1%-ті -токоферолдың спирттегі ерітіндісін құйып, 0,5 мл 1%-ті FeCl3 ерітіндісін қосып, пробирканы мұқият араластырады.
Ерітіндіні қыздырғанда сары-қызыл түске боялады, нәтижесінде токоферол FeCl3-пен токоферилхинонға дейін тотығады.



К витаминінің сапалық реакциясы
4-тәжірибе: Анилинмен реакция
Жұмыс барысы: 2 мл 0,2%-ті метинонның спирттегі ерітіндісіне 1 мл анилинді қосады, пробирканы араластырғанда қоспа қызыл түске боялады.

В1 витаминінің сапалық реакциясы.
5-тәжірибе: Тиаминнің тиохромға тотығу реакциясы
Темір синеродты калийдің әсерінен тиамин тотығып, сары түсті тиохром пигменті түзіледі, оның көк флюоресценциялық қасиеті бар.
Жұмыс барысы: 1 тамшы 5%-ті тиамин ерітіндісіне немесе 2-3 мг ұнтағына 5-10 тамшы 30%-ті NaOH ерітіндісін және 1-2 тамшы 5%-ті темір синеродты калий ерітіндісін қосып, араластырады. Қыздырған кезде сары түс пайда болады. Бұл тиаминнің тиохромға айналғанын көрсетеді. Әрі қарай пробиркаға 1 мл изобутил спиртін қосып араластырады. Осы тиохром ерітіндісіне ультракүлгін сәулені түсіргенде көк флюоресценция көрінеді.

В2 витаминінің сапалық реакциясы.
6-тәжірибе: Рибофлабиннің тотықсыздану реакциясы
Егер рибофлавин ерітіндісіне конц. тұз қышқылы мен мырыш қосылса, одан күшті түрде сутегі бөлініп, сұйықтық алғаш сары түске, содан қызылға боялып, ең соңында түссізденеді.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы рибофлабиннің судағы ерітіндісіне, 5 тамшы концентрлі тұз қышқылы мен мырыш ұсағын салғанда күшті түрде сутегінің бөлінуі басталады да, сұйықтың алғаш рет алқызыл не қызыл түске, ал соңынан сұйықтық мүлдем түссізденеді. Біраз тұрғаннан кейін сұйықтықтың жоғарғы қабаты сары түске боялады, ол лейкофлабиннің ауаның құрамындағы оттегімен тотығып рибофлабинге айналуына байланысты. Егер сұйықтықтың қызыл түсі өзгермейтіндей болса, онда мырыштың қайтадан жаңа мөлшерін қосу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет