Бақылау сұрақтары
Деректер қорын құрған кезде қандай қосымшалар қолданылады?
Деректердің қандай типтері бар? Әрқайсысының қолданылу ерекшеліктерін атаңыз.
Есепті құрудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
Зертханалық жұмыс №2 «Менің әлемім» деректер қорын басқару жүйесін құру
Зертханалық жұмыстың мақсаты: «Менің әлемім» ДҚБЖ алдын ала MS Access-те жобалап, меңгерілген теориялық мәліметтерге сүйеніп Delphi ортасында жүйені құру.
Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау
Өзіңіздің жұмыс папкаңызда қосалқы «MyWorld» атауы бар папканы құрыңыз.
Ms-Access бағдарламасын іске қосыңыз. Ms-Access-ті іске қосу менюінен «Жаңа мәліметтер қоры» пунктін таңдаңыз. Экранда «Жаңа мәліметтер қорының файлы» атты терезе пайда болады. Бұл терезеде Сіз құрған «MyWorld» папканы табыңыз және оған кіріңіз. «Файл атауы» өрісінде «MyWorld» мәнін басыңыз, содан кейін «Құру» батырмасын басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |