Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


«Телефон анықтамасы» деректер базасының формасын құру кезінде өрістер редакторымен жұмыс



бет77/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

«Телефон анықтамасы» деректер базасының формасын құру кезінде өрістер редакторымен жұмыс.

  1. File|Open командасы арқылы MyExUnitDB.dpr құжатына енгізілген проекті ашамыз.

  2. Жазбалардың қосымша реттік номерлерін шығаратын боламыз (IDPeople өрісінің мәндерін). Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

2. 1 Form1 формасында Table1 компонентін активтейміз. Пайда болған редакторда Add Fields командасы арқылы барлық өрістерді көшіреміз. Пайда болған өрістер тізімінен IDPeople өрісін ерекшелейміз. Объект инспекторында DisplayFormat қасиетіне келесі жолды енгіземіз:
‘Порядковый номер: ‘000

    1. 2. 2 DataControls бетін пайдаланып Form1 формасының жоғары сол жақ бұрышына навигатордың алдына DBEdit компонентін орналастырамыз. Компоненттің горизонталь өлшемін шығарылатын мәлімет толығымен сиятндай сәл үлкейтеміз. Объект инспекторын пайдаланып DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін меншіктеп, DataField қасиетінде тізімнен IDPeople мәнін таңдаймыз. Егер бәрі бұрыс орындалатын болса, DBEdit5 жолында сәйкес жазба пайда болу керек.

3 Алдыңғы мысалдарда біз «Жыныс» өрісін DBCheckBox1 компоненті арқылы шығардық. Ол сонша ыңғайлы емес. Бұл мәнді «Ер» немесе «Әйел» мәндерін таңдау арқылы шығарамыз. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

    1. 3.1 Form1 формасында Table1 компонентін активтейміз. Өрістер тізімінде Sex өрісін ерекшелейміз. Объект инспекторындағы DisplayValues қасиетіне келесі жолды енгіземіз:

Ер; Әйел

    1. 3.2 Формадан DBCheckBox1 компонентін оны ерекшелеп Del батырмасы арқылы өшіріп тастаймыз. DataControls бетін пайдаланып оның орнына DBComboBox компонентін орналастырамыз да горизонталь өлшемін сәл қысқартамыз. Объект инспекторын көмегімен DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін, ал DataField қасиетіне Sex мәнін меншіктейміз. Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалған болса, DBComboBox1 компонентінің жолында сәйкес жазба шығу тиісті (Мужской не Женский).

DBComboBox1 компонентінің Items қасиетін активтеп, пайда болған редакторда келесі жолдарды енгіземіз:
Ер
Әйел
Редатордың жұмысын ОК батырмасын басымен аяқтаймыз.

    1. 3.3 Standart бетінен формаға DBComboBox1 компонентінің сол жағынан Label компонентін қойп, оның Caption қасиетіне «Жыныс» мәнін енгіземіз.

4. Енді туған күнді шығаратын дата үшін форматты таңдау керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
4.1 Form1 формасындағы Table1 компонентін активтейміз. Өрістер тізімінде Birthday өрісін таңдаймыз.
4.2 Объект инспекторында DisplayFormat қасиетін таңдап, бір форматты енгізу керек, мысалға «dddddd». Енгізуді Enter батырмасын басумен аяқтаймыз.
5. Run|Run басты менюінің командасы арқылы бағдарламаны іске қосамыз. Экранда біз енгізген барлық өзгертулер көрсетіледі.
6. Жазбалар арасында орын ауыстырғанда қосылған енгізу жолында реттік номері рпайда болатынын атап кеткен жөн. Ал комбинилренген жолда дамның жынысы жайлы мәлімет орналасады. Бұл мәнді қажет болса ашылатын тізім арқылы өңдеуге болады.
7. Бағдарламаның жұмысын терезені жабумен аяқтаймыз (11-сурет).



11-сурет – Бағдарлама терезесі


8. File|Save All командасы арқылы барлық өзгерістерді сақтаймыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет