Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
МҚ-ның физикалық моделін жобалау (бейнелеу)
Енді МҚ-ның физикалық бейнелу нұсқасын немесе МҚ-ның физикалық моделін қарастырайық.
Кестені шын бейнелеуінен физикалық бейнелеуіне көшірген кезде құрылымы инвариантты болып қалады, яғни кесте құрылымы өзгеріссіз қалады, бірақ шын кестенің параметрлері нақты мәндерді алады, яғни ұсыныстың физикалық деңгейiндегi интуициялық түсiнiктi қасиеттері және кестенiң мiнездемесi бiрмәндi мәндер алады.
Кесте 3 – "Материалдар" кестесі
Кесте жолының тағайындауы
|
Кесте өрiсiнiң конструкциясы
|
Атауы
|
Түрі
|
Ұзындығы
|
Қоймаға келіп түскен немесе келіп түсетін материалдар аты енгізіледі.
|
Material
|
Жол
|
20
|
Материалдың өлшім бірлігі
|
Edizm
|
Жол
|
10
|
Материал бiрлiгiнiң бағасы
|
Price
|
Бүтін санды
|
|
Кесте 4 – "Материалдың келуі" кестесі
Кестенiң тағайындауы
|
Кесте өрiсiнiң конструкциясы
|
|
Атауы
|
Түрі
|
ұзындығы
|
Қоймаға келіп түскен материалдың нөмірі
|
N_Prih
|
Автоинкремент
|
|
Материал атауы
|
Material
|
Жол
|
20
|
Материалдың келіп түсу мерзімі
|
DatPrih
|
Мерзім
|
|
Материал саны
|
Kolvo
|
Бүтін санды
|
|
Шын кесте мен физикалық кесте арасындағы сәйкестік бірмәнді болып келеді.
МҚ кестелерінің құрылымы мен параметрін жоғарыда көрсетілген кестелер мысалында бейнелейміз.
Кестелер арасындағы байланыс «бірдің – көпке», яғни «Материалдар» кестесіндегі бір материалына «Материалдың келуі» кестесінің бірден көп емес жазуы сәйкес келуі керек.
Мәліметтер қорының құрылуы
Мәліметтер қоры құрылуының жоспары
Бұдан әрі, МҚЖ құруының жалпы жоспарының бөлігі болып табылатын, мәліметтер қорын құру жоспарын құрастыру керек.
МҚ құру үшін бастапқы тапсырма.
МҚ екі кестеден құралған, олардың бірі кесте-шебері, ал келесісі – бөлшек-кесте деп аталады. Олардың арасындағы қатынасы «бірдің – көпке».
Осыдан МҚ құруының келесі жоспары шығады.
Қадам 1. Құру технологиясының таңдалуы.
Delphi –де бағдарламалық жүйені, соның ішінде МҚЖ (МҚ және МҚБЖ) екі нұсқада немесе тәртіпте орындауға болады:
консольдік тәртіпте, дәстүрлік процедуралық бағдарламалау стилінде;
RAD (Rapid Application Development – қосымшаладры жылдам өңдеу) тәртібінде.
Соңғы режим, сонымен қатар, бағдарламалық жүйелерді өңдеудің интерактивті тәртібі деп те аталады. Бұл тәртiптер кеңiрек түсiндiрмеде Delphi-де жүйелердiң жасауының технологияларына сәйкес келедi.
Біздің мысалымызда жүйені біз RAD режимінде құрамыз.
Таңдалған Delphi ортасы, RAD режимі технологиясына сүйене отырып,– ізделген МҚ –ны RAD режимінде жасаудын келесі тізбегі шығады.
МҚ жасауының жоспары. МҚ жасаудың келесі (екі) қадамнан тұрады:
2-қадам. МҚ тіркеуінің және сақталуының (яғни МҚ орнатылған сәулетінің) орнын анықтау, ол үшін келесіні орындау керек:
1) МҚ орналасу орнын анықтау: өзінің компьютеріңізде, басқа компьютерде (немесе серверде);
2) МҚ типін анықтау: Delphi үшін, стандартты (яғни DBASE, PARADOX, FoxPro);
3) МҚ псевдонимін (немесе алиасты) анықтау;
4) МҚ орналасу орнын және алиасты тіркеу.
МҚ құрылуы немесе құрылымдауы. Ол үшін келесініорындау керек:
3-қадам. МҚ кестесінің құрылымын құрылымдау.
1. МҚ кесте-шеберінің құрылымдауы.
1) Кесте типін анықтау.
2) Кестенің физикалық моделін анықтау (құрылым мен параметрлерді жобалау).
Біріншілік (басқарушы) кестенің параметрін және белгілерін орнату: сұрыптаудың біріншілік индексін орнату.
3) Құрылған кестені таңдалған адрес бойынша сақтау.
2. МҚ бөлшек-кестенің құрылымын құру.
МҚ екінші кестесінің құрылымының құрылуы біріншісі сияқты болып келеді. Тек сұрыптаудың екіншілік индексін орнату параметрлері ғана ерекшеленеді.
4-қадам. МҚ кестелерінің, олардың арасындағы бүтінділік байланысын орнату жолымен, құрылымдалуы.
Құрылған кестелерден МҚ-ның құрылымдалуы келесі әрекеттерге сүйенеді:
екілік индексацияладның орындалуы;
Құрылған кестелер арасындағы «бірдің көпке» қатынасын құру жолымен, бүтінділік қатынасын құру.
Delphi-де мәліметтер қорын тіркеу
МҚ анықтамасы. МҚ бұл кестелер арасындағы байланысты бейнелейтін файлдар: кестелер, индекстер және триггерлер жиынтығы.
МҚ келесілерден құралады:
МҚ кестелері,
Индекстер,
Ескертулер (мемо-жолдар) және т.с.с.
Бір кестені сақтау үшін, жеке файл құрылады. Дәл сондай жеке файлдар кестелер индекстері және мемо-жолдары үшін де құрылады. Барлық осы файлдар бірге болуы және сақталуы керек, әйтпесе МҚБЖ қате істеуі мүмкін. Сондықтан МҚ барлық компоненттерін бірге сақтаған жөн.
Осыдан, Delphi-де МҚ құрылуы (немесе Delphi-мен жұмыс істеу) МҚ орналастырылуы және сақталу орнын белгілеу керек. Яғни, МҚ құру үрдісінің бірінші қадамы, болашақ, құрылатын МҚ тұрған орнын анықтау болып табылады.
МҚ тұратын орнын беру. Жалпы жағдайда, МҚ белгілі бір компьютерде, тасымалдаушыда және директорияда орналасуы мүмкін.
Оның ретінде: пайдаланушының автономды компьютері, желі сервері немесе кез-келген басқа компьютерлік желісі болуы мүмкін.
Егер МҚ МҚБЖ орналасқан компьютерде орналасса, онда осындай МҚ жергілікті деп атайды.
Оны МҚ компоненттері үшін, директорияны белгілеу (немесе бума құру жолымен) жолымен істеу мүмкін.
Директорияны өз компьютеріңізде, серверде жасау мүмкін. Сонымен қатар, директория түпкі каталогта немесе каталог ішінде болуы мүмкін, мысалы:
C:\Primer;
C:\SYSTEMA\STUDENT\…..\Primer.
Әдетте жергілікті мәліметтер қоры режимінде, МҚБЖ Paradox, dBase және FoxPro форматында жасалған МҚ жұмыс істейді.
МҚ –ға псевдонимді иемдену. МҚ компоненттер жиынтығынан құралғаны белгіленген болған. Сондықтан олар ортақ атауға ие болу керек. МҚБЖ технологиясында МҚ атауы ретінде оған псевдонимді (немесе оны басқаша: алиас, alias деп атайды) иемдену қабылданған, сонда утилиттерден және МҚБЖ бағдарламаларының МҚ-ға қаратылуы оның псевдонимі арқылы жүзеге асады.
Белгіленгенге байланысты, BDE Administrator утилитасында Delphi
МҚ псевдонимі тіркелген
МҚ-ға адресі (жол) көрсетілген болуы керек.
Delphi-де МҚ құрылуы немесе Delphi-мен жұмыс істеуі орыналасу және сақталу орнының белгілеуінен басталады.
Осымен, МҚ құрылу үрдісінің бірінші қадамы.
Біздің мысалға МҚ құрылуының бұл үрдіс қадамын жасаймыз.
Біздің мәліметтер қорымыздың директориясы біздің компьютеріміздің (немесе пайдаланушының) түпкі каталогының «С:» дискісінде орналассын. Директория (немесе бума) атауы - "PRIMER"'>"PRIMER". Онда директорияның, бумаға апарар жолын қоса алғандағы, толық атауы: "С:\PRIMER". Егер МҚ D: дискісінде құралған болса, онда оның атауы: "D:\PRIMER" болар еді. "С:\PRIMER"-де орналасқан мәліметтер қорына кез-келген жұмыс атауын иемденуге болады, мысалы, "BD", бірақ біз құрылып жатқан МҚ дәл сондай атпен, яғни "С:\PRIMER" деп атаймыз.
Сонымен, МҚ псевдонимі (немесе алиас) "PRIMER".
МҚ тіркелуі. Delphi-дегі тіркелу оның BDE Administrator утилиты (немесе модуль) арқылы жүзеге асады. Сондықтан біздің"С:\PRIMER" МҚ тіркеу үшін, BDE Administrator-ды іске қосу керек.
BDE Administrator утилитінің іске қосылуы 2 тәсілдің бірімен жүзеге асырылады:
Windows жұмыс үстелінен: (Пуск/Программы/Borland Delphi 3/BDE Administrator).
Берілген жағдайда мәзір және ішкі мәзірді ашудың тізбегі келтірілген.
Алдымен, экранға IDE бейнелейтін Delphi басты модулі қосылады. Қосылған Delphi-дің IDE құрылымы 1-суретте көрсетілген.
IDE –нің ең жоғарғы қатарында Delphi басты мәзірі бар. Онда DateBase мәзірін ашамыз да, ондағы Exproler жарлығын таңдаймыз. Осы жарлық арқылы BDE Administrator утилиті іске қосылады.
BDE Administrator утилитінің іске қосқан соң, онда келесі әрекеттер орындалады.
Басты мәзірде Object|New элементін таңдаймыз. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылып жатқан қор типін өзгеріссіз (STANDARD) деп қалдырамыз және ОК батырмасын шертеміз.
1-сурет – Мәліметтер қорының драйвет типін таңдау терезесі
Пайда болған МҚ администратордың сол жақ терезесінде біз STANDARD1 атауы бар жолды көреміз. Осы атауды "PRIMER"-ге ауыстырамыз. Ол үшін МҚ атауында тышқанмен шертіп, жаңа мәтінді еңгіземіз.
Оң жақ терезесінде МҚ параметрлері көрсетілген. Оларды өзгертусіз қалдырамыз, тек қана PATH жолын өзгертеміз. Бұл параметр МҚ орналасқан каталогтың жолын көрсетеді. Жолды қолымен еңгізуге болады, бірақ администратор құралдарымен пайдаланғаны жөн: ол үшін PATH жолында шертіп, оң жақ бұрышта пайда болған батырмасына шерту, С:\PRIMER каталогын таңдап, ОК батырмасын шерту (2-сурет).
2-сурет – Мәліметтер қорының псевдоним параметрлерінің терезесі
Енді псевдоним анықтамасын еске сақтау керек. Ол үшін МҚ администраторының сол жақ терезесінде псевдоним атауында тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, пайда болған тізімнен Apply элементін таңдау. Пайда болған сұхбаттық, біз өзгертулерді сақтаймыз ба деп сұралатын, терезеде ОК батырмасын шетру керек. Содан соң BDE Administrator утилитінен шығу керек. Осымен псевдоним құрылуы аяқталды, енді оған басқа утилиттер мен қосымшалардан кіруге болады. Бірақ псевдоним қатынайтын каталог әлі бос. Мәліметтер қорынын кестелерін жасау керек.
3.2.3. Мәліметтер қорынын кестелерін құру.
МҚ құрылуын келесі жолмен бейнелейік.
Концептуалдық жобаға байланысты мәліметтер қоры 2 өзара байланысқан кестелерден құралған. Сонымен қатар, бірінші кесте басты болып табылады . Сондықтан МҚ келесі тізбекпен құрамыз:
1-кестенің құрылымын құру;
2-кестенің құрылымын құру;
Кестелер арасындағы байланысты орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |