Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру



бет1/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс


1 –шi зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


Зертханалық жұмыстың мақсаты: «Қойма» ДҚБЖ алдын ала жобалап, меңгерілген теориялық мәліметтерге сүйеніп жүйені құру.


Жалпы теориялық ережелер


1. Автоматизация құрылымы және оның есебін таңдау
Кәсіпорын қойма шаруашылығының есебін автоматтандырғысы келді делік. Онда бүкіл мүмкін есептерден тек қойма есебін таңдаймыз. Сонымен қатар, бүкіл есеп үрдісінен – материалдардың келу есебін таңдайық.
Қойма есебінің мінездемесі келесідей. Қойма шаруасында материалдар есебі айдың басынан басталады және келесі операциялар мен үрдістерден құралады:

  • өткен айдың қалдықтарды келесі айға тасымалданады;

  • ай ішіндегі материалдардың келу есебін жүргізу және тіркеу;

  • ай ішіндегі материалдардың шығының есептеу және тіркеу;

  • ай соңындағы қалдықтарды анықтау.

Оқу мақсатында, қоймадағы материалдардың бүкіл үрдістер тобынан келу есебін таңдайық.
Есептің сипаттамасы. Қоймаға ай сайын материалдар келіп түседі, материалдардың тізімдемесі өзгеруі мүмкін. Осы материалдардың келуі кезеңдер бойынша өтеді.
Қоймаға келіп түсетін материалдардың есебін және олар жайында мәліметтерді сақтауын автоматтандыру керек.
Осы есепті шешудің басты талаптары келесідей:

  • жүйе өлшемінің минималдығы;

  • тез жұмыс істеу максималдығы;

  • оператор жұмысына максималды ыңғайлылығы.

Бұл есепті автоматизациялау үшін жүйені құрастыру қажет. Бұл жүйе қоймаға келіп түсетін материалдар жайлы мәліметтерімен жұмыс жасайды. Сондықтан жүйенің түрі мәліметтер қорының жүйесі болып табылады. Ол МҚ-мен жұмыс жасайтын МҚ және МҚБЖ басты компоненттерінен құралған.
2. МҚЖ құру жоспарының жұмысы.
МҚЖ құру технологиясына сүйене отырып, келесі құру реті пайда болады:

  1. МҚЖ сәулетін анықтау, сонымен қатар оның құрылу ортасы мен технологиясын;

  2. МҚ құру;

  3. МҚБЖ құру.

Бұл жоспарға сүйене отырып, МҚ құруды бастаймыз.
Бірақ МҚ және МҚБЖ бірқатар компоненттерден құралатынына байланысты, жүйені бағдарламалауды бастамастан, алдын ала болашақ жүйенің негізгі компоненттерін және олардың бағытталуын анықтау керек. Содан соң, әрбір бөлім, яғни МҚ және МҚБЖ бойынша құралатын компоненттердің кезектілігін анықтау керек.
Сайып келгенде, МҚ үшін мәліметтер қорының функционалдау тиімділігіне қажетті санын және олардың құрамын анықтау қажет.
МҚБЖ үшін пайдаланушының ыңғайлы жұмыс істеуі үшін қанша экрандық форма және есептер болатынын анықтаймыз.
Мәліметтер қорының жүйесін құруының дұрыс жолы МҚ құрылуы содан соң, қорды қарап шығу формаларының бағдарламалауы болып табылады.
Сонымен, жүйенің жобалануын (яғни жасалуын) МҚ-ны құрудан бастаймыз.
Қоймадағы материалдырды қабылдау, тіркеу және сақтау үрдістерінің зерттелуі, материалдар мен үрдістер туралы мәліметтерді екі өзара байланысқан кестеде бейнелуі ыңғайлы екенін көрсетеді.
Бір кестеде қойма жұмыс істейтін материалдары туралы мәліметтерді бейнелейміз. Бұл ағымды кезде қоймада бар, немесе келіп түсетін материалдар тізімі (материалдар ассортименті). Бұл кестедегі әрбір материал атауымен, өзгеру бірлігімен және бағасымен белгіленеді. Бұл кестені – «Материалдар» деп атаймыз, оның құрылымы 2-суретте көрсетілген.
Келесі кестеде қоймаға келіп түскен материалдардың мәліметтері сақталады. Бұл кестедегі әрбір материал атауымен, кiрiс ордері нөмiрімен, берілген кiрiс ордері бойынша келіп түсу мерзімімен және келіп түсу мөлшерімен белгіленеді. Берілген кестеде өлшем бірлігі мен бағасы белгіленбейді. Себебі бұл мәліметтер бірінші кестеде белгіленген болған. Бұл кестені материалдардың келіп түсу кестесі – «Материалдардың келуі» деп атаймыз, оның құрылымы 2-суретте көрсетілген.

Кесте 1 – «Материалдар» кестесі





Материал аты

Материалдың өлшем бірлігі

Материал бағасы





















Кесте 2 – «Материалдардың келуі»



Келіп түскен материалдың нөмірі

Материал аты

Келу мерзімі

Келіп түскен материал мөлшері

























Қоймаға материалдардың келіп түсу және есебінің үрдіс формализациясының бұл нұсқасында, «Материалдар» кестесі алғашқылық (басқарушы), ал «Материалдардың келуі» кестесі – екіншілік (бағынышты) функциясын атқарады.


Материалдар және олардың келіп түсуі туралы мәліметтерге сәйкес кестелерге материалдардың басқа ерекшеліктері туралы мәліметтерді де еңгізуге болады. Мысалы, екінші кестенің құрамына келіп түскен материалдардың бағасын енгізуге болады.
Осы жетпей жатқан мәліметтер кейін, кестедегі бар мәліметтерден де қосылуы мүмкін екенін белгілеп өтейік.
Осымен, оқу мақсатында бұл мәліметтер құрамы жеткілікті.
Бір материал ай немесе жыл ағымында бөлшектеп келе беруі мүмкін. Сондықтан бірінші кестенің бір жолына екінші кестенің бірнеше жолдары сәйкес келуі мүмкін. Осыған байланысты, физикалық модельді жобалау кезінде осы кестелер арасындағы қатынасын көрсету керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет