Кесте құрылымының құрылымыдануы.
МҚ кетесін құру үшін, басты мәзірдің элементін File|New|Table таңдау керек. Пайда болған Create Table терезесінде құрылатын кестенің типін (Paradox 7) өзгеріссіз қалдырамыз да ОК батырмасын шертеміз. Осыдан кейін, МҚ кестесінің құрылымын анықтау терезесі пайда болады (3-сурет).
3-сурет – Database Desktop утилитасы: МҚ кестесінің құрылымын анықтау терезесі
Кестенің әрбір жолы өрістерге сәйкес келеді. Бағандар тағайындалуы:
Fields Name - өріс аты;
Type - өріс типі;
Size - өріс өлшемі (жолдық өрістері үшін, себебі басқа өрістер өріс типімен анықталатын өлшемді түсіндіреді);
Key - егер өріс біріншілік кілт құрамына кіретін болса '*' жұлдызшадан құралады. Егер біріншілік кілтке бірнеше өріс кіретін болса, онда олар біріншілік кілтте болған тізбекпен анықталады. Сонымен қатар, біріншілік индекстің құрамына кіретін барлық өрістер басқа өрістер алдында анықталуы керек, яғни өрістер тізімінің үстінде болуы керек.
«Материалдар» кестесіне кіретін өрістерді анықтайық. Field Name бағанына Material еңгізейік. Өрістің типін анықтау үшін, Type бағанында шертіңіз де, бос орын пернесін шертіңіз. Осыған жауап ретінде өрістер типінің тізімі шығады, олардың ішінен қажетті типін таңдау керек (4-сурет).
4-сурет – Өріс типін таңдау
Material өрісінің типін анықтау үшін, Alpha –ны таңдап, Size бағанында 20 мәнін белгілейміз. Key бағанында жұлдызшыны орналастырамыз, ол өрістің мәліметтері біріншілік кілтке енетінін белгілейді. Ол үшін пернетақтадағы кез-келген символды басамыз. Кез-келген символды екінші рет бассаңыз, Key бағанындағы жұлдызша алынып тасталады.
Мастер кесте біріншілік кілт арқылы индекстеледі.
Materialу кестесінің басқа да бағандарының анықтамасын еңгізейік. (5-сурет).
5-сурет – Material кестесінің құрылымын анықтау
Есептің шарты бойынша барлық өрістер толтырылуы керек. Сондықтан әрбір өріс үшін міндетті толтырылу талаптарын анықтаймыз. Ол үшін, өрістен өріске өту кезінде Required Field ауыстырып қосқыштарды іске қосамыз. Басқа өрістер, өріс мәніне шектеулер қою үшін қызмет етеді:
Minimum value - өрістің минималды мәнін анықтайды.
Maximum value - өрістің максималды мәнін анықтайды.
Default value - өздігімен анықталады.
Picture - өріс бейнесінің шаблонын анықтайды. Шаблонды құру үшін Assist батырмасын шерту керек.
Өрiстердің бiрінде мәннiң жоқтығы, өрiс мәнiндегi шектеулерiнің жоқтықтын бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |