Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


В. Мәліметтеді МҚ-ға енгізу үшін, экрандық форманың құрылуы



бет14/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

В. Мәліметтеді МҚ-ға енгізу үшін, экрандық форманың құрылуы.
Жұмысты ары қарай жалғастыру үшін, DataModule5 контейтерін дайындаймыз. Delphi компоненттер палитрасынан Data Access парағынан TTаblе визуалды емес компонентін қосамыз. Оның DatabaseName (МҚ псевдонимі) қасиетін PRIMER –ге пайда болған тізімнен немесе қолымын енгізіп ауыстырамыз. Tаblе3-те TableName (МҚ кестесінің аты) қасиетінің мәнін PRIHOD.DB деп аламыз. Содан соң, Active қасиетін True леп аламыз. TDataSource компонентін орналастырамыз, DataSource3 компонентінің DataSet қасиетін Table3 деп белгілейміз. PRIHOD.DB кестесімен байланысы үшін, визуалды емес компоненттері контейнерге міндетті түрде қосу керек, себебі оған ұқсас DataModule контейнердегі компоненттер бір-бірімен байланысқан және кейін оған циклдік қатынау жасалуы мүмкін.
№2 формаға Data Controls компоненттер палитрасынан TDBGrid элементін орналастырамыз. №2 форманың unit мәтін модуліне Unit5 модулінің атын алдын ала қосып, DBGrid компонентінің DataSource қасиетін DataSource3 деп белгілейміз.
Енді Table3 кестесінің мәліметтер жиынында тек TDBGrid торынан ғана емес, басқа да визуалды компоненттер арқылы қатынауға болатындай жасаймыз.
№2 формаға TDBEdit компонентін (Data Controls компоненттер палитрасы) қосамыз. TDBEdit1 компоненті арқылы қатынау жасауға болатын, рұқсаттаманы анықтайық. Ол үшін, оның қасиеттерінің мәндерін - DataSource :DataSource3 деп алып, DataField қасиетін DatPrih деп аламыз. TDBEdit2 компоненті арқылы қатынау жасауға болатын, рұқсаттаманы анықтайық. Ол үшін оның DataSource қасиетін DataSource3 мәніне, ал DataField қасиетін Kolvo деп белгілейміз.
TDBLookupComboBox компонентін орналастырамыз. Осы компоненттің қасиеттерін орнатамыз:

  • DataSource - қасиеті DataModule5.DataSource3;

  • DataFiled - қасиеті Material;

  • List Source - қасиеті DataModule5.DataSource1

  • ListField - қасиеті Material;

  • KeyField - қасиеті Material.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет