Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


) МҚ-ның екі кестесінің құрамының бейнеленуі



бет12/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

2) МҚ-ның екі кестесінің құрамының бейнеленуі
Енді жұмысты қиындатамыз. МҚ-ның екі кестесінің құрамын бейнелейміз. Оларды екі нұсқамен бейнелейміз:
А) Экрандық формада кестелер арасында байланысты орнатпай кесте құрамын бейнелеу;
Б) Кестелер арасындағы байланысты ескере отырып, берілген кестелерді бейнелеу.
2.1) Экрандық формада кестелер арасында байланысты орнатпай кесте құрамын бейнелеу.
Бір формада екі мәліметтер жиынын (басты және бағыныңқы) басты мәліметтер жиынына қатысты ағымды жазбысы, мәліметтердің жиынындағы бағыныңқы жазбаларына сәйкес келетін жазбалар әрқашан бейнелетіндей етіп, байланыстыруға болатынын көрсетеміз.
PRIMER мәліметтер қорының Prihod кестесімен жұмыс істеу үшін, DataModule5 контейнеріне ТТаblе компонентін (қасиеттер мәні дәл біріншісіндегідей, бірақ TableName қасиеті Prihod.DB кестесіне бағытталады) қосамыз. Формаға TDataSource (оның аты өздігімен TDataSource2 деп аталады) компонентін орналастырамыз. Осы компоненттің DataSet қасиетін Таblе2-ге ауыстырамыз. №3 формада TDBGrid (оның аты өздігімен TDBGrid2 деп аталады) компонентін орналастырамыз, оның DataSource қасиетін DataSource2 деп белгілейміз. (19-сурет). Таblе2 компонентінің Active қасиетін True ауыстырамыз. Осыдан кейін, TTable компоненттері мен Materialy.DB и Prihod.DB кестелері арасындағы шын мәнінде байланыс орнатылады.



19-сурет – Басты және бағыныңқы мәліметтер жиыны бар форманың құрылымдалу кезіндегі түрі

Қарап шығу кезінде материалдар жайлы мәліметтерді (Materialy.DB кестесі) өзгертуге болмайтындай ету үшін, DBGrid1 компонентінің ReadOnly қасиетін True-ға ауыстырамыз.


Қосымшаны іске қосамыз. Prihod.DB кестесіне TDBGrid2 компонентінен бірнеше жазбаларды қосамыз. N_Prih өрісінің мәні автоматты түрде пайда болады (20-сурет).



20-сурет – Басты мәліметтер жиынындағы ағымды жазбамен байланысқан жазба, бағыныңқы мәліметтер жиынында көрсетіледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет