Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру



бет8/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

Бөлім бойынша қорытынды
МҚ құруындағы материал құрылымы келесі:

  1. Бірінші кестенің құрылымын түрлендіру. Оның мінездемесі келесідей:

Ол мастер кесте болып табылады және оған біріншілік кілт, біріншілік кілтімен біріншілік индексация құрылған.

  1. Екінші кестенің құрылымын түрлендіру. Оның мінездемесі келесідей:

Ол бөлшек кесте болып табылады, екіншілік кілт, екіншілік индексация құрылды.

  1. Кестелер арасындағы «бірдің көпке» қатынасы орнатылған.



DELPHI-де МҚБЖ құрылуы
МҚБЖ экрандық және есеп формаларынын және МҚ-ға енгізілетін және МҚ-дан шығарылатын мәліметтерді өңдеу процедуралары жиынтығынан құралады. Windows МҚБЖ ортасында МҚЖ бағдарламалауын қосымша деп атайды.
Осымен, жоғарыда бейнеленген «пайдаланушы - жүйе» жүйенің жұмыс сұлбасынан жүйенің жұмыс істеуі үшін, келесі формалар керек:

  • Мәзірге арналған форма;

  • Қорға мәліметтерді енгізуге арналған форма;

  • МҚ қарап шығуға арналған форма;

  • №1 есепке арналған форма;

  • №2 есепке арналған форма;

  • №3 есепке арналған форма.

Жоғарыда МҚЖ бейнелеуінің сыртқы формасы көрсетілген. МҚЖ жұмыстылығын қамтамасыз ету үшін, формалар мен МҚ арасында байланысты орнату керек: экрандық формадан МҚ мәліметтердің өңделуі. Ол келесі пункттерде жасалынады.
Delphi-де МҚБЖ-мен МҚ формаларын байланыстырылуы анықталғанвизуалды емес компоненттер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан экрандық форма мен МҚ арасындағы байланыс орнату үшін, арнайы визуалды емес компонент (контейнер) TDataModule қолданылады. Олар жеке құрылуы керек.
Біздің есебімізге қажетті формалардың тізімін құрамыз:

  • Мәзірге арналған форма;

  • Қорға мәліметтерді енгізуге арналған форма;

  • МҚ қарап шығу формасы;

  • №1 есепке арналған форма;

  • №2 есепке арналған форма;

  • №3 есепке арналған форма;

  • TDataModule комоненті.

Компоненттер мен формалардың орналасуы келесідей болады:

  1. TDataModule компоненті;

  2. Мәзірге арналған форма;

  3. МҚ арналған форма;

  4. Қорға мәліметтерді енгізу формасы;

  5. №1 есепке арналған форма;

  6. №2 есепке арналған форма;

  7. №3 есепке арналған форма;

МҚБЖ құруға қажетті формаларды екі тәсілмен құруға болады:

  1. Егер олардың саны алдын-ала белгілі болса, онда монитор экранында және IDE Delphi жоба қоймасында (repository) қажетті визуалды және визуалды емес формалар санын алдын-ала енгізуге болады, яғни жобаға қанша форма қажет болса, сонша қосуға болады. File|New Form жарлығы көмегімен визуалды формалар, ал File|New Data Module жарлығы арқылы визуалды емес формалар қосылады. Біздің жүйе үшін, барлығы алты визуалды форма және бір TDataModule компоненті қажет болады.

  2. Егер формалар саны алдын-ала белгісіз болса, онда монитор экранында және сәйкесінше, IDE Delphi жоба қорында (repository) жоба үшін қажетті форма ағамды МҚБЖ құруында құрылуы мүмкін. Экранда формаларды орнату File|New Form немесе File|New Data Module жарлықтары арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, жобаға әрбір форма қажеттілігі бойынша қойылады.

Біздің жағдайда жоба қорына жаңа формаларды қосу, қосу жарлықтары (File|Add to Project) арқылы жүзеге асады.
Алдымен, экранға қажетті формалар саны шығарылды деп есептейік. Егер формалар жетпесе, оларды қажетті санына жеткіземіз. Ол (File|New Form) әрекетінің қайталуы арқылы жасалынады. Мұндай әрекет қанша форма қажет болса, сонша рет жасалынады және File|New Data Module жарлығы арқылы бір контейнер құрылады.
Енді формалардың құрылымдалу ретін анықтайық. Формаларды құру реті жалпы еркін түрде болып келеді, бірақ біз жоғарыда көрсетілген ретті таңдаймыз.
Берілген формаларды бейнелеу және құру реті МҚБЖ құру үрдісін жеңілдетеді.
МҚБЖ құруын МҚ байланысы үшін, TDataModule контейнерінің құрылуынан бастаймыз. МҚБЖ формаларын жобалауын экрандық МҚ құрамы бейнелетін формадан бастаймыз.
МҚБЖ жобалануы әр формада жекелеп МҚ байланыс жасау жолымен және МҚ алынатын немесе экрандық формаға енгізілетін мәліметтерді өңдеу процедуралардың құрылуы арқылы жасалынады.
Сонымен қатар, әр форма компоненттері арасында байланысты орнату керек. Экрандық формалардың біреуінде жұмысты аяқтау жарлығын ескерген жөн.
Компоненттерді анықтап алып, олардың формада орналастыруын бекіткен соң, олардың МҚ-ға рұқсаты орнатылады және әрбір форма компоненті үшін мәліметтерді өңдеу процедурасы құрылады.
Жоғарыда келтірілген анықтамадан, МҚБЖ МҚ сияқты көптеген компоненттерден құралатынын көреміз. Бұл барлық МҚБЖ компоненттерін құрылымдауды және бағдарламалауды талап етеді. Сондықтан оларды МҚ сияқты белгілі бір орында сақтау керек. Осы мақсатпен, C:\PRIMER каталогында АРР бумасын құрамыз. Бұнда біз құрылымдалған қосымшаларды сақтаймыз.
Жалпы жағдайда, қосымшаларды кездейсоқ жерде сақтауға болады, бірақ МҚ-мен бір бумада сақталуы құрылымдаушыға ыңғайлы жұмыс істеуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет