Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


МҚ бейнелеу үшін, одан әрі күрделі форманың құрылуы



бет16/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

4.3.3. МҚ бейнелеу үшін, одан әрі күрделі форманың құрылуы.
Экрандық формада TDBGrid модификация нұсқалары.
N_Prih мәні Prihod кестесіндегі сирек кездесетін мәндерін қамту үшін арналған, және басқа жүктеуді жүргізбейді. Сондықтан бұл өрісті DBGrid2 бағаналар құрамында көрсетпеу жөн болады. Бұл мақсаттар үшін, Prihod кестесінің жолдар тізімін құрамыз. Delphi-де МҚ-ның қандай жолдары мәліметтер жиынының қосымшасын қолдануға болатынын белгілеудің екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл бұл мәліметтер жиыны негізделген МҚ кестесінен барлық жолдарды қолдануда негізделеді. Бұл тәсіл әдетте, өздігімен қолданылады, яғни оны біз де Table1 және Table2 мәліметтер жиынын құрғанда қолдандық.
Екінші тәсіл мәліметтер жиыны негізделген МҚ кестесінің ішкі жиын өрістерін қолдану негізінде қолданады. Бұл мақсат үшін, мәліметтер жиынынын өрістер редакторы қолданылады. Ол мәліметтер жиыны үшін өңделетін өрістер қатарына барлық өрістерді немесе МҚ-ның ішкі жиын өрістерін қосуға мүмкіндік береді.
DataModule5 контейнерінен тышқан көмегімен Таblе2 компонентін таңдаймыз да, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Экранда пайда болған қалқып шығатын мәзірден Fields Editor элементін таңдаймыз. Пайда болған өрістерді өңдеу редакторында (ол бос болған кезінде, 26а суреті) тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, пайда болған қалқып шығатын мәзірден Add Fields мәзір элементін таңдаймыз. БД Prihod.DB кестесінің барлық өрістерінің тізімі көрсетіледі. N_Prih өрісінен басқа, барлық өрістерді ерекшелейміз (тышқан және Shift пернелері көмегімен) және Add батырмасын шертеміз (26б суреті). Енді өрістерді өңдеу тізімі барлық белгіленген өрістерді қосады (26в-сурет).



а) б) в)

26-сурет – Өрістердің редакторымен жұмыс: а)өрістер редакторының бос тізімі;


б) өрістерді қосу; в) Өрістер редакторының толтырылған тізімі

№3 формадағы DBGrid2 компонентінің Table2 мәліметтер жиыны үшін, бағаналар құрамында енді тек қана өрістер редакторында ғана қосылған өрістер бар (27-сурет).





27-сурет – DBGrid2 өрістерінің құрамы өрістер редакторымен анықталады


Өрістер редакторында мәліметтер жиынының өрістер тізімнін анықтау үшін (Таblе2 компонентінен тышқанның оң жақ батырмасын шерту) осындай тәсілмен әрбір қосылған өріс үшін, Delphi қосымшасындағы TField компонентінің (мәліметтер жиынынын өрісі) құрылуына әкеп соқтырады. Әрбір осындай компонент өздігімен уникалды атпен – бірінші құраушы аты негізінде мәліметтер жиынының аты (Таblе2) алынады, ал екінші құраушы аты негізінде – МҚ кестесіндегі өріс аты аталынады. Осымен, TField компоненті Material өрісіне сай келеді, Table2Material атауына ие болады. Егер өрістер редакторында тиісті өріске шертетін болсақ, объектілер инспекторында өріс қасиеттерін орнату немесе өзгертуге болады, сонымен қатар нақты бір өріс үшін, оқиға өңдеуішін анықтауға болады.


DBGrid2 компонентінің параметрлерін, бағаналар атауы орысша аталатындай етіп өзгертеміз. Ол үшін, DBGrid2 компонентінен оң жақ батырмасын шертеміз де, қалқып шығатын мәзірден Columns Editor элементін таңдаймыз. Экранда редактор терезесі компоненттер үстелі пайда болады (32а - сурет). TDBGrid үстелінің мінездемесін өзгерту үшін, толығымен анықталмаған бағандардан, толық анықталған бағандарға өту керек. Ол үшін кнопке Add All Fields батырмасын шету керек, нәтижесінде бағаналар қосылады,олардың әрқайсысы Table2 компонентінің өрістер редакторынын өрісіне сай келеді (28б-сурет).



28-сурет – а) DBGrid2 бағаналарының бос тізімі; б) DBGrid2 бағаналарының толтырылған тізімі


Әрбір бағананың бас жолын өзгерту үшін, тышқан көмегімен бағаналар редакторында бағана атын таңдау керек және объектілер инспекторында Title қасиеттер тізімін ашу (ол үшін қасиеттің атауы жанындағы крестті тышқанмен шерту керек). Осы тізімнің Caption элементінде баған атауы белгіленген; бас жолдарын тиісті түрмен өзгертеміз де, DBGrid2 баған редакторынан шығамыз. Дәл солай Table1 мәліметтер жиынымен де жасаймыз (29-сурет).



29-сурет – DBGrid1 және 2 бағаналарының атауларын орнату


Дәл сондай өзгертулерді №2 формада да жасаймыз.


Сонымен қатар, №2 формадағы Таblе3 мәліметтер жиынында жазбалардың сұрыптау тәртібін өзгертеміз. Ол үшін, Таblе3 компонентінің (DataModule5 ішіндегі) объектілер инспекторында IndexFieldNames қасиетін индекстік өрістерін құрайтын әрбір Prihod.DB кестесінің тиісті индекстері үшін анықталған, "DatPrih;Material" мәніне қалқып шығатын тізімнен таңдаймыз. Осыдан кейін, DBGrid бағаналар редакторына қайта кіреміз және тышқан көмегімен DatPrih бағанын Material бағанының алдында тұратындай етіп орналастырамыз. Қосымшаға компиляция жасап, оны іске қосамыз. 30-суретте көрсетілгендей, Table2 мәліметтер жиыны Prihod.DB кестесімен тең келеді. Қосымшада ол келу мерзімі бойына сұрыпталған, ал әрбір келу мерзімі ішінде - материал атауымен сұрыпталған.



30-сурет – Материалдар келу мерзімі бойынша сұрыпталған






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет