«Телефон анықтамасы» деректер базасының People кестесінің мәліметтерін сұрыптау. Tools|Utilities|Sort командасын таңдаңыз.
Ашылған «Select Table» сұхбат терезесінде People.db құжатын таңдаңыз. Open батырмпасын басыңыз. Нәтижесінде «Sort Table:...People.db» терезесі ашылады.
осы терезеде Sorted Table тобында New Table тетігі активтелген. Онда сұрыптаудың нәтижесін сақтайтын құжаттың атын енгіземіз, яғни People-s.
Сол топтың Display sorted table тетігін сұрыптаудың шарттарын белгілеген соң оның нәтижесін көру үшін активтеңіз. Ал Sort just selected fields тетігін сол қалпында қалдырыңыз себебі біз барлық кестені сұрыптаймыз. Бұл дегеніміз Sort Oder тізімінде ғана емес, Fields тізімінде анықталған барлық өрістер бойынша.
Терезеде тағы екі тізім бар, олар сол – Fields – кестеге кіретін барлық өрістер атауы бар, оң - Sort Oder – сұрыптау жүргізілетін өрістер атауы бар тізімдер. Сол жақтағы тізімнен Family өрісін таңдап, тізімнің қасындағы оңға бағытталған көрсеткішке басып оны оң жақтағы тізімге орналастырыңыз.
Біз кестені Family өрісі бойынша және өсу ретімен сұрыптайтын боламыз. Оған Sort Oder тізімінің алдында + белгішесі тұрғаны сәйкес. Керек болса, біз сұрыптау түрін Sort Direction батырмасы арқылы өзгертуімізге болады. Мұнда тағы өрістердің ретін Change oder батырмасы арқылы өзгертуге болады.
Барлық әрекеттерді орындап болған соң ОК батырмасын басыңыз. Сіздің алдыңызда Фамилиялар өрісі алфавит бойынша сұрыпталған кесте шығады.