Зертханалық жұмыс №1 Сызықтар, эллипстер, төртбұрыштар және көпбұрыштар салу Мақсаты


Қалып күй қатарында. Кривая в слой 1



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,17 Mb.
#109932
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 Зертханалық жұмыс

Қалып күй қатарында. Кривая в слой 1 мәліметі пайда болады.

Келесі әдіс құралымен түзу сызық кесінділерін салу.

  • Баспа бетінің объектілерден бос орнына түзу сызықтың бастапқы нүктесі орналасатын жерге тышқан көрсеткішін орналастырыңыз да, тышқанды осы арада шертіңіз.

  • Тышқанның батырмасын баспай, түзудің екінші нүктесі орналасатын жерге жылжыңыз, пайда болған сызық оның ұзындығын көрсетеді. Соңғы нүктеде тышқанды шертіңіз. Сызық сызылады да, ерекшеленеді.

Тігінен, көлденеңнен немесе 15 бұрышпен түзу алу үшін CTRL пернесін басып тұрып, сызамыз. Осындай сызықтар және сынық сызықты сызып көріңіз. (Сурет 10).

Доғал сызықтар немесе қисықтар салу үшін Безье құралы пайдаланылады. Оны қолданғанда қисықтың өзін салмайсыз, тек оның түйіндерінің нүктелерін көрсетесіз. Содан соң CorelDraw осы ақпарат негізінде қисық сызық сызады. Осыдан кейін түйін нүктелерін өзгертетін болса, қисықтың өзі де өзгереді. Осы құралдың көмегімен синусоиданы салайық.



  • Графика тақтасындағы құралының батырмасын басып ұстаңыз. Экранда сызық салудың қосымша тақтасы пайда болады (Сурет 9).

  • Қосымшадан Базье құралын таңдаған соң қосымша тақташа жоғалып кетеді.

  • Тышқан көрсеткішін баспа бетінің координаттары (1,004; 5,090) нүктеге орналастырыңыз. Осы нүктеде синусоиданын басы болады.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз. Осы нүктеде қисықтың алғашқы түйіні жасалады.

  • Тышқанның батырмасын босатпай қисық өтетін бағытта тышқанды сүйреп тартыңыз. Синусоида үшін ол – бұру бұрышы 45 жасай жоғары оңға. Сіз бастапқы нүкте арқылы өткен екі бағыттағы үздік сызықты Безье нүктелерін көресіз. Бұл нүктелер Безье қисығының майысуын анықтайтын нүктелер. Синусоиданың биіктігі бағыттауыш нүктелер мен түйін арасындағы қашықтыққа тәуелді, ал қисықтың қисаюы бағыттауыш нүктелердің орналасуына.

  • Безье бағыттауыш нүктелер сізге қажетті позицияға келгенде, тышқанның сол жатқ батырмасын басыңыз (Сурет 11). Келесі түйін нүктесін жасаймыз.

  • Тышқан көрсеткішін координаттары (1,004; 5,090) нүктеге жуық орналастырыңыз.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз. Екінші түйін нүктесі жасалады. Бірінше және екінші түйіндер арасында қисық пайда болады.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, тышқан көрсеткішін баспа бетінің оң жақ бұрышына жылжытыңыз. Экранда екінші түйін арқылы өтетін екі бағыттауыш Безье нүктелері пайда болады.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, қисықтың қисаюы мен биіктігін корректировка жасау үшін төменгі бағыттауыш Безье нүктелерінің орнын ауыстырамыз. (Сурет 12).



  • Қисығымыз қажетті форма мен қисықты қабылдағанда тышқанды босатамыз.

Келесі түйін нүктесін жасаймыз.

  • Тышқан көрсеткішін координаттары (5,431; 3,420) нүктеге жуық орналастырыңыз, онда синусоиданың соңғы түйіні орналасады.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз. Жаңа түйін нүктесі жасалады. Алдыңғы түйін екеуінің арасында қисық пайда болады.

  • Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, тышқан көрсеткішін баспа бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына жалжытыңыз. Экранда түйіндер арқылы өтетін екі бағыттауыш Безье нүктелері пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай Безъенің жоғарғы бағыттауыш нүктенің орнын қажетті форма мен қисыққа келгенш ауыстырыңыз.

Тышқан батырмасын босатыңыз.

Осы әдістер сипаттамасымен сіз кез келген түйін нүктелер мен қисықтар салуға болады. Өз бетіңізбен бірнеше түйіндерден тұратын қисықтар салыңыз.

Безъе қисығымен сурет салуды тоқтату үшын Пробел пернесін басыңыз. Синусоида салынып, қара квадрат маркерлермен еркшеленеді.

Сонымен бірге Безъе қисығымен жұмысты басқа құралды таңдау арқылы жұмысты төқтатуға болады.



Сурет 14-тегі суреттер осы өткен тақырыбымызға байланысты суреттер,оларды өз бетіңізбен орындап шығыңыз.



Бақылау сұрақтар:

  1. Төртбұрыш, эллипс, көпбұрыштарды қандай құралдардың көмегімен салуға болады, атауларын атаңыз?

  2. Көпбұрыштың бұраш санын қалай өзгертуге болады?

  3. Еркін формадағы сызықтарды қалаай саламыз?

  4. Безъе құралы не үшін керек?

  5. «Положение» объекта енгізу өрісі не үшін керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет