Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: Мәтінді форматтау.
Жұмыстың мақсаты: HTML тілінде физикалық және логикалық стильдердің элементтерін пайдалана отырып, мәтінді форматтауды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар: Мәтін үзінділерін физикалық стиль элементтерімен безендіру.
Мәтіннің жеке бөліктерін ерекшелеу үшін келесі физикалық стильдерді пайдалануғаболады:
Мәтін үзінділерін логикалық стиль элементтеріменбезендіру.
Логикалық стильдер , , тегтері сияқты сөздерді ерекшелеп көрсетеді, олар программа мәтінін жазғанда немесе цитат (дәйектеме) келтірген кезде қолданылады. Логикалық стильдерді пайдалану кезінде браузер экранға не шығаратынын алдын ала айту қиын. Әртүрлі браузерлер экранға логикалық стильмен берілген символдарды әртүрлі етіп шығаруы мүмкін. Бұрынғы браузерлер логикалық стильде берілген қаріптерді ерекшелемей, жай қаріп түрінде бейнелей беруі де ықтимал. Ең көп таралған логикалық стильдер:
... - Ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады.
...- Ағылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі. B және STRONG элементтері бір біріне ұқсас болып келеді.
... - Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
... - Ағылшынның sample – мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдаланылады.
...- Ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден енгізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
... - Ағылшынның variable – айнымалы сөзі, программадағы айнымалы атауларын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
... - мәтінді цитата немесе сілтеме түрінде безендіреді. Бейнеленген мәтін курсив түрінде көрсетіледі. Атрибуты: TITLE - пайда болатын көмек (всплывающая подсказка).
Логикалық стиль элементтерін қолданып, мәтінді безендіру. Ағымдағы қаріптің өлшемін, түсі мен түрінбелгілеу.
- Ашылушы және жабылушы тегтер арасында орналасқан мәтін қаріпінің түсін, өлшемі мен түрін өзгертуге мүмкіндік береді. Атрибуттары:
SIZE – қаріп өлшемін анықтайды. size = + i > , мұндағы i әріптің алғашқы өлшеміне қатысты 1 мен 7 аралығында;
COLOR – мәтін түсін анықтауға мүмкіндік береді. Не он алты сандық жүйенің RGB-мәнімен, не 16 базалық түстердің бірімен беріледі color=red>;
FACE – қолданыстағы қаріпті анықтайды. Times New Roman, Arial, Tahoma, Courier, Courier New пайдаланыңыз. Олар барлығында орнатылған. FACE="ARIAL">.
- құжат мәтіні бейнелетін негізгі қаріпті анықтайды.
тегінің аяқтаушы (жұп) тегі жоқ. Сіз болашақта құжаттың кез келген бөлігінің қаріпін оңай өзгерте аласыз, ол үшін тегін пайдаланыңыз. жабушы тегінен кейін тегінің іс- әрекеті қайта жанданады. Қалып бойынша қолданылатын қаріп мәндері құжатта бірнеше рет өзгеруі мүмкін, яғни тегі құжатта кез келген рет пайда болуы мүмкін. Атрибуттары:
size – барлық құжат бойынша негізгі өлшемді белгілеуге мүмкіндік береді. Мүмкін мәндері: 1-ден 7 дейінгі бүтін сандар, қалып бойынша оның мәні 3-ке тең болып беріледі.
faсe – қаріп гарнитурын анықтайды. (face параметрін әзірше пайдаланбау кеңесі беріледі, себебі оны браузерлердің барлық түрлері қолданаалмайды).