Еңістікті анықтау. Еңістіктің жайдақтығы немесе тіктігі, еңістіктің жазықтығында орналасқан еңістіктің сызығы мен, жайдақ жазықтықтың арасындағы бұрышпен көрсетіледі. Сурет 4.6 - дағы υ, бұрышы.
Суреттегі тік бұрышты АВВ үшбұрыштың сүйір υ бұрышының
tgυ = Һ/α , (4.1)
жазылған Һ - горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтығы ;
α - горизонтальдардың жазықтықтағы ( пландағы немесе картадағы )
ара қашықтығы, ab, AB ;
Бұрыштың тангенісінің арифметикалық мәнін пайдаланып тригонометриялық функциялар- дың таблицасынан немесе инженерлік калькулятордың көмегімен еңістіктің бұрыштық мәнін табамыз.
і = tgυ ( 4 . 2 .)
Еңістікті арифметикалық санмен де көрсетуге болады: мұндай еңістік пайызбен немесе промильмен 0/ көрсетіледі. Промиль - бірдің мыңнан бір бөлігі.
Санмен көрсетілген еңістік, тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы орналасқан катетінің іргелес орналасқан катетінен неше есе үлкен екендігін көрсетеді. Төмендегі сурет 4.6 ны қараңыз, АВ аралық , сүйір бұрышқа іргелес орналасқан катет, ал h сүйір бұрышқа қарсы орналасқан, АВ = 20 мм- ге немесе 20 метрге тең, олай болса υ = 0,05 болған кезде,
h =20x0,05=1,0м.
Сур. 4.6. Еңістікті есептеудің үлгісі.
Мысалы : Масштабы 1:1000 пландағы горизонтальдар әрбір 1м сайын сызылған.
Горизонтальдардың пландағы ара қашықтығы 20 мм Жоғарыда келтірілген (4.1 ; 4.2 ; ) формулаларды пайдаланып;
τgυ = і = 1/20 = 0,05 ; осыдан і = 5% , ал υ = 2,9 ; υ = 0,05;
Картамен немесе планмен жұмыс істеген кезде картаның немесе планның астыңғы жиегіне сызылған сұлбаларды қолданады (сур.4.7.а.б.) мұндай сызбалар горизонтальдың тік жазықтықтағы масштабы – деп атанады. Масштабты пайдаланып еңістіктің бұрыштық және арифметиқалық мәндерін өлшеуіштің көмегімен есептейді.
Нүктенің биіктік мәнін есептеу.
Егер нүкте горизонтальдың үстінде орналасса онда нүктенің биіктік мәні горизонтальдың биіктік мәніне тең, ал нүкте екі горизонтальдың арасында орналасса онда нүктенің биіктік мәнін табу үшін, горизонтальдардың пландағы немесе картадағы ара қашықтығын өлшейді, i=h/d формуланы пайдаланып еңістікті есептейді, h = ixа формуланы
Масштаб 1:1000 горизонтальдар 1 метр сайын сызылған.
Горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтықтарын өлшеуге арналған масштаб.
а – еңістіктің бұрышын өлшеуге, б – еңістікті өлшеуге арналған.
қолданып керек өсімшені есептейді.
жазылған : a - нүкте мен , нүктеге жақын төменгі горизонтальдың ара қашықтығы;
d – горизонтальдардың пландағы немесе картадағы ара қашықтығы;
h - горизонтальдардың тік жазықтықтағы ара қашықтығы;
h - керек өсімше;
Нүктенің биіктік мәні, нүктеден төмен орналасқан горизонтальдың биіктік мәніне осы есептелген өсімшені қосқанға тең.
Сур. 4.8. Горизонтальдарды пайдаланып нүктелердің биіктік мәнін есептеуге арналған сүлбе,
горизонтальдар әрбір 2,5м сайын сызылған (а........г).
Мысалы: суреттегі К(сур.4.8.а) нүктенің биіктік мәнін есептеп табу үшін, осы нүктеге жақын орналасқан екі гоизонтальдың пландағы ара қашықтығын d-ны өлшейміз, осы екі горизонтальдың тік жазықтықтағы ара қашықтығын, 2,5м-ді шыққан мәнге бөліп еңістікті, i-ді табамыз. Шыққан i-ді a-ға көбейтіп керек h - ті табамыз. Н = Н + ixa ; i = 2,5/d;
Егерде нүкте биіктік мәндері бірдей горизонтальдардың аралығында, ойпаң жерде орналасқан болса нүктенің биіктік мәнін шамалап есептейді (сур.4.8,б), (сур.27,в,г), нүктелердің орналасқан орындары көрсетілген. Суреттегі К нүктенің биіктік мәні 138,8м; 128,8м; –ге тең. Қазан шұңқырдың ішінде 126,2м; – ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |