Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын программа. Антивирустық программа негізгі екі топқа бөлінеді:
1) антивирустық сканер – қолданушының шақыруы бойынша немесе белгіленген уақытта іске қосылып, вирустарды тауып, емдейтін немесе жоятын программа;
2) антивирустық монитор – жадыда тұрақты сақталатын және барлық жүктелген программаларды вирусқа тексеретін программа.
Вирусқа қарсы программалар: докторлар немесе фагтар, ревизорлар, детекторлар, сүзгілер, вакциналар.