Зертханалық жұмыс №2 Тақырыбы «Компьютерлік вирустармен күрес»


Доктор-программалар немесе фагтар



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі2,15 Mb.
#84554
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
зертханалык жумыс 2 проектирование

Доктор-программалар немесе фагтар вирус жұққан программалар мен дискілерді емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, кейін салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтайтын программа ревизор-программа деп аталады.
Тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен қорғайтын, жаңа вирусқа дәрменсіз программа: детектор-программа. Компьютердің жедел жадында тұрақты орналасып, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операция туралы мәліметті пайдаланушыға хабарлайтын программаны сүзгі-программа деп атайды. Вакцина-программалар компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты модификациялап, вирус әсерінен сақтайды.
Антивирустық програмаларды қолдану ақпараттардың қорғалуын толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан, комплекстік профилактикалық қорғау шараларын қолдану қажет.
Вирустардың пайда болу белгілері:
1) программаның дұрыс жұмыс жасамауы;
2) компьютер жұмыс жылдамдығының кемуі;
3) операциялық жүйенің дұрыс жүктелмеуі;
4) файлдар мен каталогтардың жоғалып кетуі;
5) файл өлшемдерінің өзгеруі;
6) күтпеген жағдайда дискіде файлдар санының көбеюі;
7) жедел жадыдағы бос орындардың азаюы;
8) экран бетіне түсініксіз хабарламалар мен суреттердің пайда болуы;
9) түсініксіз дыбыстық сигналдардың берілуі;
10) компьютердің жиі-жиі жұмысы тоқтап, жұмыс жасамай қалуы.
Антивирустық программалар: AidsTest, Doctor Web, Kaspersky KAV, Eset NOD32, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.
Енді жиі қолданылатын антивирустық программаларға тоқталайық. Kaspersky антивирустық программасы троян аттары, құрттар және т.б. вирустардан қорғайды; кез-келген жинақтауыштарды тексеріп отырады; архивтелген файлдарды тексеріп, емдейді; қауіпті макрокомандалардың орындалуын қадағалайды; өзгертулерді болдырмайды; электрондық поштамен келген хаттарды тексереді; қауіпті программалардан қорғайды және басқа да қызметтер атқарады.

Сурет-. Kaspersky антивирустық программасының көрінісі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет