Иерархиялық модель жалпының жекеге бағыну ретімен орналасқан және кері қарай құрылған ағаш құрылымын (граф) беретін элеметтер жиынтығынан тұрады.
Желілік құрылымда бірдей негізгі түсініктерде (деңгей, түйін, байланыс) әрбіп элемент басқа кез келген элементпен байланысуы мүмкін.
Реляциялық модель объектілерді және олардың арасындағы байланысты кесте түрінде ұсынады, онымен қоса байланыстар объект ретінде қарастырылады.
4.1-кесте – ДҚБЖ-дағы мәліметтер типтері
МББЖ атауы
|
МБ типі
|
МS Access
|
Реляциялық
|
Clipper
|
Реляциялық
|
DBase
|
Реляциялық
|
FoxBase+
|
Желілік
|
FoxPro
|
Желілік
|
IMS/VS
|
Иерархиялық
|
Oracle
|
Реляциялық
|
Paradox
|
Реляциялық
|
МS Access -тің жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) бағдарламалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезесінің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар: кестелер, сұраныстар, пішіндер, есептер, парақтар, макростар мен модульдер.
Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы.
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.
Кестелер – мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.
Сұраныстар – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |