Пішіндер (формалар) көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады.
Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулары, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access-тін жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
- оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
- қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша);
- графикалық обьектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма).
Парақтар – бұлар Access 2000-да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.
Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған.
Макростар - макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциалар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалмен белгілеудің мәні бар.
Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар). Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.
1-тапсырма: Негізгі кестелерді кұру. Кітапханадағы екі кестеге негізделген деректер туралы мәліметтер қорын құру. Бірінші кесте кітапханадағы кітаптарды тіркеуге арналсын. Екінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Бағдарламаны жүктеңіз.
Деректер қорын құру Файл - Сохранить базу данных как командасы арқылы«Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Сонда 4.1-суреттегі терезесі ашылады.