Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру


Іріктеуге арналған сұранысты жасау



бет6/12
Дата07.02.2022
өлшемі479,45 Kb.
#91458
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 4

    Бұл бет үшін навигация:
  • >1000 AND
Іріктеуге арналған сұранысты жасау

Бұл жаттығуда кемінде 1500 теңгелік роман кітаптарды іріктеуге арналған сұранысты жасаймыз.Нәтижелеуші кестеде, сонымен қатар Оқырманның мекен-жайы мен телефон нөмірі болуы тиіс.
1. ДҚ терезесінде Создание бетіндегі «Конструктор запросов» мәзірін таңдаймыз. Добавление таблицы терезесінен «Оқырмандар» және «Кітаптар» кестесін Запрос1 аймағына қосыңыз. Терезеде байланысқан кестелер схемасы шығады.
2. Кітаптар кестесінен кітаптің аты, бағасы, жанры; Оқырмандар кестесінен оқырманның аты-жөні, оқырманның телефоны.
3. Өрістер үшін іріктеу шарттарын беріңіз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. Сонда кестеден барлық кітаптар емес, тек романдар ғана таңдалады.
4. Өрістер үшін іріктеу шартын беріңіз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына <1500 деп енгізіңіз. Кестеден бағасы кемінде 1500 теңгелік кітаптар алынады.
5. Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жапқан кезде оның атын Кітапты таңдау деп беріңіз.
6. Деректер қорында жаңа ғана жасалған сұранысты ашыңыз және нәтижелеуші кестені қарап шығыңыз. Онда Кітаптар және Оқырман кестелері бойынша алынған мәліметтер шығады. Егер де жазылған шарттарды қанағаттандыратын мәліметтер болмаса бос кесте пайда болады. Бұл жағдайда кестелерді ашыңыз және сұраныс жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз және өзгертілетін кестені сақтаныз.
Іріктеуге арналған сұранысты қайта ашқанда, бағасы 1500 теңгеден аз роман кітаптарын іріктеп алатын сұраныс нәтижесін көруге болады.
Қосымша тапсырмалар:

  1. Беттерінің саны 400 парақтан артық кітаптарды шығаратын сұранысты орындаңыз.

  2. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына >1000 AND <2000 шартын енізіп, бакғасы 1000-нан жоғары, 2000-нан төмен тұратын кітаптарды шығарыңыз.

  3. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына “роман” OR “поэма” OR “ертегі” шартын енгізіп, осы шарттарды ғана қанағаттандыратын кітаптар тізімін шығарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет