Зертханалық жұмыс №5



Дата12.02.2020
өлшемі25,43 Kb.
#57886
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Зертханалық жұмыс №5


Вентури шығын өлшегішінің шығын коэффициентін анықтау
Жұмыс мақсаты: Вентури шығын өлшегішінің көмегімен құбырдағы сұйықтықтың шығынын өлшеу

Теориялық бөлім: Вентури шығын өлшегіші құбырларда орнатылады және оның көмегімен сұйықтық шығыны өлшенеді.

Бернулли тендеуі сұйықтық қозғалысының негізгі заңы болып табылады және ол бізге гидравликалық құрылғыларды қарастыруда және жұмысты түсінуде көмектеседі. Гидравликаның Бернулли тендеуін қолданбайтын саласы жоқ. Бернулли тендеуінің техникада қолданылуынын нақты мысалы, Вентури шығын өлшегіші. Вентури шығын өлшегіші құбырларда орнатылады және соның көмегімен сұйықтық шығынын өлшейді. Суретте көрсетілген Вентури шығын өлшегіші конусқа ұқсас түтіктен және диаметрі негізгі цилиндірлік түтіктің диаметрінен кіші болатын ендіргіден тұрады. Вентури шығын өлшегіш осі бойынша екі пьезометрі орнатылады: біріншісі конусқа ұқсас таралудың алдында, екіншісі тарылған ендіргінің ортасына орнатылады. Вентури шығын өлшегішінің бойымен ағатын сұйықтық қозғалысына Бернулли тендеуін қолданамыз. О-О салыстырмалы жазықтығын жүргізіп, 1-1 және 2-2 қималарын аламыз. Қималар арасындағы арақашықтық алшақ болмағандықтан кедергілерді жеңуге кететін энергия шығынын ескермеуге де болады
z1=z2=0; Σh=0


Сұйықтық ағыны үздіксіздігінің негізінде 1-1 және 2-2 қималардағы шығын өзара тең, яғни





мәнін Бернулли теңдеуіне қою арқылы


немесе






Сұйық шығыны

Сұйықтың шығыны Вентури шығын өлшегіші арқылы анықтағанда формулаға шығын коэффициенті μ қосылады, яғни


Шығын коэффициенті μ:

  • Жаңа шығын өлшегіштер μ=0,965

  • Ескі шығын өлшегіштер μ=0,98

Турбулентті режим үшін кориолис коэффициенті (жылдамдықтың біркелкі таралмау коэффициенттері) =

2-2 қимасында орнатылған пьезометр көрсеткіші 1-1 қимада орналасқан пьезометр көрсеткішінен төмен. Тірі қима ауданы кішірейгенде шартына байланысты сұйықтық жылдамдығы артады, сәйкесінше кинетикалық энергия ұлғайып, энергияның сақталу заңы бойынша потенциалдық энергия азаяды. Сондықтан да 2-2 қимасындағы қысым, 1-1 қимасындағы қысымнан кем болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет