Зертханалық ЖҰмыс №7 Тақырыбы: Амилаза ферменттің әсерін зерттеу. Мақсаты



бет1/2
Дата19.11.2022
өлшемі26,36 Kb.
#158926
  1   2
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №7 2


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7


Тақырыбы: Амилаза ферменттің әсерін зерттеу.


Мақсаты: Амилаза ферменттің активтілігі туралы білім қалыптастыру.

19 жұмыс. Ферменттердің субстраттық арнайылығын зерттеу.


Видео-сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Uq_wGidvwDk&t=28s


Принципі: әдіс әр түрлі субстраттардың амилаза және сахараза әсерінен гидролизін салыстыруға негізделген.


Анықтау әдісі: жұмыс істер алдында амилаза ферменті бар сілекейді 5 есе сұйылту және сахараза ерітіндісін дайындау қажет. Сахараза көп мөлшерде ашытқыда кездеседі. Ол онда клетка элементтерімен байланыста болғандықтан, оны жасушаны бұзғаннан кейін ғана бөліп алуға болады. Сондықтан сахаразасы бар экстракт дайындау үшін шамамен 10 г құрғақ ашытқы аз ғана әйнек құммен фарфор келісінде ұнтақталып, бірте-бірте 50 мл дистилденген су құйылады. Алынған сығындыны қатталған фильтр арқылы өткізіп, алынған сұйықтықты сахараза ерітіндісі ретінде қолданады.
Амилаза және сахараза ферменттерінің субстраттық арнайылығын дәлелдеу үшін төмендегі кестеде көрсетілген мөлшерде реактивтерді төрт пробиркаға құйып араластырып, 5 минутқа 400С температураға термостатқа қояды. Пробиркаларды термостаттан алғаннан кейін суытады. Одан кейін №1 және №2 пробиркаларға Люголь реактивін тамызады (крахмалға реакция), ал №3 және №4 пробиркаларға глюкозаны ашу үшін Фелинг реакциясын жасайды.



Реактивтер

Пробиркалар

1

2

3

4

0,5% крахмал ерітіндісі

10 т

10 т







0,5% сахароза ерітіндісі







10 т

10 т

Сілекей амилазасы 1:5











Сахараза ерітіндісі











Люголь ерітіндісі











Фелинг ерітіндісі














қайнату

Реакцияның нәтижесі (түсі)













Гидролиз жүрсе (+)
Жүрмесе (-)















Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:



  1. Энергия алмасуының сатылары. Белоктардың, көмірсулардың, липидтердің ерекше катаболизм жолдарының сипаттамасы.

  2. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы.

  3. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, мәні, маңызы.

  4. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.

  5. Тыныс алуды бақылау.



Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар: УМКД-ге жүктелген

ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Жаттығулар:

  1. БТ тізбегінде флавинферменттердің тотығуы кезінде шамамен 19 кДж энергия бөлінеді. Тотығудан фосфорлану реакциясы жүруі мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  2. Тыныс алу комплекстердің құрамына кірмейтін ферменттерді атаңыз, олардың маңызын түсіндіріңіз.

  3. Цх а-дан Цх b-ға электрондар тасмалдануы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  4. Пиридинферменттер флавинферменттерді тотықтыруы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  5. Оттек жоқ жағдайда ҮКЦ жұмыс жасау мүмкін бе? Неге? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  6. α-Кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияның маңызы.

  7. Қымыздық сірке қышқылының ҮКЦ-дегі рөлі.

  8. Янтарь қышқылының тотығу реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияны катализдейтін ферментке сипаттама беріңіз.

  9. Энергия алмасуы сатылар арасындағы байланыстарын көрсетіңіз.



Жағдайлық есептер:

  1. Жасуша құрамында АТФ саны көп те, ал АДФ саны аз. Осы жағдайда БТ жылдамдығы қандай? Неге? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  2. Р/О коэффициенті 2-ге тең. Бұл нені білдіреді?

  3. Р/О коэффициенті 1-ге тең. Мұны немен түсіндіруге болады?

  4. ҮКЦ-де НАД-тың 3 молекуласы тотықсыздануы белгілі. Пиридин ферменті катализдейтін реакцияларды жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет