Зертханалық жұмыс «Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу»



Дата19.12.2021
өлшемі94,46 Kb.
#103423
түріСабақ
Байланысты:
9 с слайд
9.1АӨсімдіктер мен жануарлар жасушаларының компоненттерінің қызметтері слайд, ..., Қлбыланды батыр, Қлбыланды батыр, Викторина 6-8 сынып., Викторина 6-8 сынып. (2), Диссертация Алтайқызы А (1)

Зертханалық жұмыс «Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуын зерттеу»


11.01.2021

9 сынып

Сабаққа шолу

Сабаққа шолу

Сенің білетінің:

  • статикалық және динамикалық жұмыс кезінде бұлшықеттің қажу үдерісі.
  • Сенің меңгеретінің:

  • жұмыстың бұлшықеттің жиырылу жиілігіне тәуелділігін зерттеу.


Бұлшықеттер жұмыстың екі түрін орындай алады

статикалық

динамикалық

статикалық

  • Бұлшықеттің статикалық жұмысы кезінде дене жүкті белгілі бір қалыпта ұстайды. Қажу тез жүреді, өйткені бұлшықет тобы ұзақ уақыт бойы үздіксіз күш түсіру күйінде болады. Статикалық жұмыс кезінде бұлшықеттер шиеленісті дамытады, бірақ қысқармайды.
  • Статикалық физикалық жұмыс кезінде адамның қажуының негізгі себебі, жұлынның жүйке орталықтарында «орталық» қажу дамиды.

динамикалық

  • Жүктің орнын ауыстырған кезде және буындағы сүйектердің қозғалысынан болатын бұлшықеттің жұмысы динамикалық жұмыс деп аталады. Дененің және буын, сүйектердің қозғалысы, бұлшықеттердің қимылы динамикалық жұмысқа жатады.
  • Динамикалық жұмыс кезінде ауыспалы жиырылу болады және бұлшықет босаңсиды. Қажу басталған кезде нейрондардың бейімделуінен олардың қозғыштығы төмендейді. Мотонейрондардың бейімделуі барысында әрекет потенциалының генерация жиілігі азаяды. Мотонейрондардың кеш бейімделуі физикалық жұмысты істеу үдерісінде жүреді.

Бұлшықет жұмысы келесі ұғымдармен сипатталады:

  • Бұлшықет күші – бұлшықет қозған кезде жоғары күш түсіру.
  • Жиырылу жылдамдығы – бұлшықеттің жиырылу және босаңсу уақыты.
  • Төзімділік – бұлшықеттің белгілі бір ырғақта ұзақ уақыт жұмыс істеу қабілеті.
  • Қажу – бұлшықет жұмыс қабілетінің төмендеуі.

Зертханалық жұмыс

  • Статикалық және динамикалық жұмыс кезінде бұлшықеттердің қажу үдерісін зерттеу үшін 1,5 кг және 3 кг салмақтағы жүк, секундомер қажет. Бұлшықеттердің статикалық жұмысын анықтау үшін сынаққа қатысушы жүкті созылған қолмен ұстауы керек. Тақтаға созылған қол деңгейінде белгі жасалады. Сынаққа қатысушы жүкті ұстайды. Ұстау уақыты секундомермен анықталады. Сынақ 1,5 кг және 3 кг жүк үшін қайталанады, қол төмен түсе бастаған кезде сынақ тоқтатылады.

Динамикалық жұмыс кезінде бұлшықеттің қажу үдерісін зерттеу үшін сынаққа қатысушы жүктемені белгілі бір ырғақта белгіге дейін көтереді.

  • Динамикалық жұмыс кезінде бұлшықеттің қажу үдерісін зерттеу үшін сынаққа қатысушы жүктемені белгілі бір ырғақта белгіге дейін көтереді.
  • Спорт түріне бұлшықет төзімділігін анықтау үшін жаттыққан және орташа деңгейдегі бұлшықеттің статикалық және динамикалық жұмысын анықтау бойынша жұмыс жүргізу керек.
  • Жұмыс келесі формула бойынша анықталады: A = F • S • n, мұндағы S – арақашықтықn – қозғалыс саны.
  • F = 1 кг = 10 H

    кг = 1 • 9,8 H = 10 H



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет