2 Зертханалық жұмыс №2. Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйенің командаларын зерттеу
Жұмыс мақсаты – файлдық жүйе командаларымен танысу және оларды зерттеу, қолданып үйрену.
2.1 Зертханалық жұмыс тапсырмасы
Тапсырманы орындар алдында 2.2 тармақтағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз.
2.1.1 Windows файлдық жүйесінің командаларын қолданып келесі әрекеттерді орындау керек:
1) №1 зертханалық жұмыста құрылған каталогтерді тауып, ішіндегі файлдарға кейбір сөздер қайталанатын мәтін жазыңыз;
2) файлдың сол ағымдық каталогте орналасқанын тексеріңіз;
3) find командасын әртүрлі кілттері мен осы мәтін элементтерін іздеудің үлгілерін қолдана отырып орындаңыз;
4) dir|find командасының жұмысын әртүрлі нұсқада тексеріңіз;
5) анықтама жүйесін қолданып attrib командасының функционалдық мүмкіншілігімен танысып келесі әрекеттерді орындаңыз:
- алдында құрастырылған бір файлдың атрибуттарын жасырын, жүйелік, архивтік етіп кезекпен өзгертіңіз;
- жүйе қойылған атрибуттарды қабылдағанын не қабылдамағанын тексеріңіз;
- mode командасын өздігіңізше оқып үйреніңіз.
6) start және set командаларының жұмысын тексеріңіз. Арифметикалық амалдарды орындаңыз.
2.1.2 Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды белгілі визуалды немесе нысанды-бағытталған программалау орталарында қатар орындау керек (Delphi, C++ Builder, Visual C++ және т.б.).
2.1.3 Есептемеге қойылатын талаптарды №1 зертханалық жұмыстан қараңыз. Есептемеге әр команда жұмысының суретін көрсетіңіз.
2.2 Жалпы мәлімет
Командалық жолда терілетін командадан кейін кілт-көрсеткіштер жүреді, олар команда жұмыстарының ішінен біреуін таңдайды. Жалпы программалау кезінде түсініктемесінде [] жақша ақпараттың міндетті емес екенін көрсетеді. Кілттерден кейін аргументтер – командамен жұмыс істейтін нысан жүруі мүмкін. Жиі аргумент ретінде файл немесе каталог аты жүреді.
2.2.1 Attrib + диск:\маршрут\файл аты/s - файл атрибуттарын өзгерту бұйрығы. Файл атрибуттары:
R – тек оқуға арналған, файлды өзгертуге, жоюға болмайды;
A – архивтік файл;
H – жасырын (скрытый) файл; dir бұйрығын қолданғанда жасырын файлдар көрінбейді;
S – жүйелік (системный) файл;
Командадан кейінгі «+» белгісін атрибутты орнатқанда, ал атрибутты алып тастағанда «–» белгісін қолданады;
Форматтың соңында тұрған /s кілті жалғыз каталогте емес, ішіндегі барлық каталогте атрибуттың өзгеретінінің белгісі.
2.2.2 find командасы мәтіндік жол үзіндісін іздеуде қолданылады. find командасының форматы:
[/v] [/c] [/n] [/i] “символдар жолы” [[диск:][жол] файлдың аты […]].
Мысалы, C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол> find /c "get" 888.txt.
Нәтижесі: 888.TXT: 11 болады.
/с – іздеу фрагменті орналасқан файлдағы жолдардың жалпы санын анықтау;
/i – іздеу фрагменті орналасқан жолдардан символдар регистрін ескермей іздеу;
/n – реттік саны көрсетілген жолдардан іздеу;
/v – іздеу фрагменті орналаспаған жолдарды экран бетіне шығару.
2.2.3 Контейнерде басқа командамен бірге орналасқан find командасы каталогтердің қорытынды сипаттамаларын алу үшін қолданылады.
dir|find "файлдар" – каталогтегі файлдар саны мен олардың қосынды көлемін көрсетеді;
dir|find "папкалар" – каталогтегі папкалардың саны және дискінің бос кеңістігінің көлемін көрсетеді;
dir|find ".doc” – кеңейтілуі бар файлдарды сипаттайтын жолдардың бүкіл тізімі;
dir|find /c ".doc" – кеңейтілуі бар файлдардың жалпы санын санау.
Бұл командалардың ерекшелігі – аталған конвейерлер арқылы алынған ақпараттар Windows мәзірі арқылы алынбайды.
2.2.4 start командасы басқа терезедегі командалар мен программаларды параметр ретінде көрсетуге арналған. Start программаның артықшылықтарын басқаруға мүмкіндік береді, бұл – команданың маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл команда программаларды орындау ретін басқаруға мүмкіндік береді.
2.1 сурет - start командасының жұмысы
2.2.5 set командасы командалық интерпретатордың айнымалыларын шығаруға, құруға және өшіруге арналған. Бұл команда операциялық жүйенің резервтелетін жадысында ОЖ қолдана алатын айнымалы құрады.
set [айнымалы=[жол]]
set «/а» кілті бар командасы теңдіктің оң жақ бөлігінде берілген арифметикалық және алгебралық өрнектерді жазуға мүмкіндік береді. Мысалы:
C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол>set /a d=2.
Нәтижесі: 2
C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол>set /a d= d+3
Нәтижесі: 5.
2.3 Бақылау сұрақтары
2.3.1 Файлды жасыру үшін қандай команда қолданады?
2.3.2 /s нені көрсетеді?
2.3.3 Каталогтегі файл санын көрсететін команда қандай?
2.3.4 start командасының ерекшелігі қандай?
2.3.5 set командасын қолдану ерекшеліктері қандай?
2.3.6 mode командасының қызметі қандай?
2.3.7 find командасының кілттері қандай?
2.3.8 аttrib командасының кілттері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |